Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада білім беру саласындағы гендерлік теңдікті дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар

Астанада білім беру саласындағы гендерлік теңдікті дамыту мәселелері талқыланды

26.04.2024
1 мин
0
183
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

«AMANAT» партиясының әйелдер қанаты аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Білім саласындағы гендер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оған ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, «AMANAТ» партиясының өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ұлыбритания, Сингапур спикерлері, гендерлік мәселелер бойынша отандық сарапшылар, Астана қаласының білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Олар білім берудегі гендерлік теңдікті дамыту мәселелерін, гендерлік теңсіздік пен стереотиптерді жоюға болатын заманауи трендтер мен тәжірибелерді талқылады.

ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Найла Мұхтарова 2023 жылы ЮНЕСКО-ның ҚР МАМ мен «БҰҰ-әйелдер» құрылымының Байланыс гранты шеңберінде іске асқан білім беру саласындағы стратегиялық құжаттар мен бағдарламаларға және орта білім беруге арналған оқу, әдістемелік құралдарға гендерлік сараптама жүргізу жобасының нәтижелерін айтты.
 

«2023 жылғы гендерлік алшақтық индексі бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның деректеріне сәйкес, Қазақстанда білім деңгейі бойынша бастауыш, орта және жоғары біліммен қамтуда толық теңдік қамтамасыз етілді. Білімдегі алшақтық іс жүзінде жойылды. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясатының тұжырымдамасында гендерлік саясатты іске асыру жөніндегі тәсілдер, оның ішінде гендерлік білімін жетілдіру белгіленген. Гендерлік теңдікті ілгерілетуде білім беру жүйесі ерекше рөл атқарады», – деді Найла Мұхтарова.

Соңында қатысушылар атқарылған жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, білім саласындағы гендерлік теңдіктің орнауына атсалысуға дайын екендерін жеткізді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл