Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«DAULETTEN ҚОРЫ» ТАҒЫ БІР МҰҚТАЖ ОТБАСЫНА 70-БАСПАНАНЫ СЫЙҒА ТАРТТЫ
Жаңалықтар

«DAULETTEN ҚОРЫ» ТАҒЫ БІР МҰҚТАЖ ОТБАСЫНА 70-БАСПАНАНЫ СЫЙҒА ТАРТТЫ

01.05.2024
1 мин
0
245

Мүгедектігі бар үш қызды тәрбиелеп отырған жалғызбасты анаға «Dauletten қайырымдылық қоры» баспана сыйлады.

Маржан ханым Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының тумасы. Табыс көзі жоқ. Үкіметтен қыздарының күтіміне түсетін ай сайынғы 120 000 теңгемен күн көріп келген. Бүгінге дейін ерекше балаларына қараймын деп, өз денсаулығы да нашарлаған. Арнайы мектепте білім алған үш бірдей қызына да ақыл-ой дамуының тежелуі диагнозы қойылған.

«Балаларым ауырып қалса, дәрігерге қаралатын жағдайымыз жоқ. Не, суға түсіре алмаймын. Ең болмағанда, үйіміз таза, жылы болса ғой», - деп армандаған анаға Байғанин ауданынан 6 бөлмелі үй табысталды.

Үйдің ауласы кең, мал ұстауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, аула ішінде жеке монша мен дүкен де бар. Дүкенде сауда жүргізіп, кәсіп бастап кетуге болады.

Шын мұқтаж отбасына табыстаған кезекті баспана 12 500 000 теңгеге алынды. Одан бөлек, үй іші 2 500 000 теңгеге жаңа жиһазбен толықты. Қосымша 500 000 теңге қаржылай көмек ретінде табысталды.

«Dauletten қайырымдылық қоры» осы 3 қыз бен аналарының жеке, әрі жылы баспанада тұрсақ деген армандарын орындады. Бұл осы уақытқа дейінгі қордың мұқтаж отбасыларға табыстаған 70-пәтері.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл