Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан Моңғолиямен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты күшейтеді
Жаңалықтар

Қазақстан Моңғолиямен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты күшейтеді

26.04.2024
1 мин
0
151
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Моңғолияның ҚР-дағы Елшісі Дорж Баярхуумен кездесті.

Кездесу барысында Аида Балаева Министрлік мәдениет, ақпарат, дін саласы бойынша және мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара әрекет етуінің тиімді моделін құру, мемлекеттік жастар және отбасылық саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ этносаралық келісім саласында жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады.

Дорж Баярхуу Моңғолия үшін медиасферадағы ынтымақтастық ерекше қызығушылық тудыратынын атап өтті. Осыған байланысты «Хабар» агенттігі және «Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі ірі моңғолиялық БАҚ-пен меморандумдарға қол қойды.

Бірлесіп деректі, көркем, анимациялық фильмдер, сериалдар шығару үшін, сондай-ақ екі елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге арналған экспедиция құру үшін ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесу соңында тараптар мәдени-гуманитарлық салада бірлесіп жоспар дайындауға келісті, оны іске асыру екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл