Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылды
Жаңалықтар

Қазақстанда Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылды

01.05.2024
1 мин
0
152

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын іске асыру аясында «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі құрылды. Үкіметтің тиісті қаулысына ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жаңа қызмет жер асты суларының кен орындары мен учаскелеріне, сондай-ақ су жинағыш гидрогеологиялық ұңғымаларына толық түгендеу жүргізеді деп жоспарлануда. Соның нәтижесінде пайдалану қорлары мемлекеттік балансқа енгізілген 4300-ден астам зерттелген жер асты суларының кен орындары мен учаскелерін қамтитын ауқымды деректер базасы құрылуға тиіс.

Сонымен қатар «Қазгидрогеология» жер асты сулары мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізе отырып, гидрогеологиялық саланы кешенді цифрландырумен айналысады.

Жаңа қызмет аясында Қазақстанның су тапшылығы бар өңірлерінде жер асты су ресурстарының көлемін ұлғайту үшін іздестіру-барлау жұмыстарын жүзеге асыру көзделген. Сонымен қатар халықты және экономика салаларын жер асты суымен, оның ішінде суару мақсаттары үшін қамтамасыз ету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілетін болады.

Жер асты суларын іздестіру, барлау және гидрогеологиялық ұңғымаларды бұрғылау қызметін лицензиялау, сондай-ақ жылу энергетикасы, жылыжай және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін жер асты суларының геотермалдық ресурстарын (баламалы энергия көзі) пайдалану бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізу жоспарлары да бар.

Белгіленген шаралар су шаруашылығы саласындағы басқару міндеттерін барлық деңгейде тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл