Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шағын несиеге жауаптылар тексерілуі мүмкін
Жаңалықтар

Шағын несиеге жауаптылар тексерілуі мүмкін

05.10.2022
1 мин
1
1180

Микроқаржы ұйымдарының озбырлығы туралы айтқан Мәжіліс депутаты Юрий Ли, онлайн микронесие беруді қадағалайтын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚРРФР) қызметкерлерін тексеруге шақырды.

 

"Он қарыз алушының төртеуі микроқаржы ұйымдарының борышкерлері. Сонымен қатар, МҚҰ төлемақы төлеу деңгейін жасанды түрде азайту үшін портфельдегі мерзімі өткен несиелерді коллекторлық агенттіктерге сатады, сәйкесінше, МҚҰ борышкерлерінің саны әлдеқайда көп", - деп түсіндірді депутат.

 

Оның сөзінше, 2021 жылдың 1 қазанынан бастап МҚҰ қарыздар бойынша мерзімі өткен берешекті реттеудің бірыңғай сотқа дейінгі тәртібі енгізілген.

 

"Бұл процедура қағаз жүзінде бір жылдан бері бар, бірақ әлеуметтік желілер әлі де "көмектесеміз" деген делдалдардың жарнамаларына толы. Ол көмекшілер МҚҰ-нан жаңа жеңілдетілген төлем кестесін алады, сосын борышкерге сатады. Неліктен борышкер несие берушінің өзінен мұндай кестені тегін ала алмайды?", - деді Ли.

 

Ол қарыз алушылармен ашық әрі тиімді тәртіп енгізу қажет екенін де атап өтті.

 

"МҚҰ проблемалық қарыз алушылармен жұмыс істеудің ашық және тиімді тәртібін жедел енгізуді міндеттеу қажет, сонда борышкерлер делдалдардан айналып өтіп, мерзімі өткен несиелер бойынша жаңа төлем кестелерін тегін ала алады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің онлайн шағын несие сегментіне жетекшілік ететін мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдарына сәйкестігін тексеруді сұраймыз", - деді ол.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Н
Нади 05.10.2022
Дұрыс кілең заңгерлер көбейді. Өзіміз график ала алмай отырмыз юристтерге беретін ақша жоқ
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл