Нефть Brent | 0.00 | 0.00 |
Нефть Лайт | 0.00 | 0.00 |
Dauletten.kz – бірінші кезекте халықтың экономикалық сауатын арттыруға бағытталған сайт. Себебі қаржылық сауаттың артуы дұрыс үнемдеп, жеке бюджетіңізді сауатты басқаруға, тиімді мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспаналы болуға, тіпті кәсіп бастауға жол ашады.
Қаржылық сауат жекелей тұлғалардың игілігі үшін ғана пайдалы емес. Ел экономикасының дамуы да халықтың сауатына тікелей байланысты екенін ескеру керек. Сондықтан қаржылық сауатты болу бүгінгі күннің талабы. Қарыз бен несиенің құрығынан құтылуда, қаржы мәселесі бойынша әртүрлі алаяқтыққа ұрынбауда да экономикалық сауатты болу ауадай қажет. Сондықтан Dauletten.kz сайты халықтың қаржылық сауаттын арттыру мақсатында қарқынды жұмыс істеп келеді.
Сайтта «Баспанаға бағыт», «Менің кәсібім», «Қаржылық сауат», «Бизнесті қолдау», «Маман пікірі» деген айдарлар бар. Әрбір айдар оқырманды экономикалық сауаттың қыр-сырымен таныстырып, мемлекет тарапынан берілген мүмкіндіктерді дұрыс пайдалануға үндейді. Бизнес ашуға, баспана алуға мүмкіндік беретін бағдарламалармен таныстырып, негізінен экономикаға байланысты жаңалықтармен бөліседі. Отандық және шетелдік кәсіпкерлердің тәжірибесі арқылы оқырманды кәсіп ашуға баулиды. Білікті мамандардың пікіріне сүйене отырып, қоғам үшін маңызды болған мәселелерді қозғайды. Оқырманға танымдық бағыттағы мақала-сұхбаттар ұсынады.