Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"10 мың теңге беріледі": Павлодарда халық санағына қатысатындарға сыйақы тағайындалды

16.09.2021
1 мин
3
1850

Облыс орталығына жақын Павлодарское ауылында халық санағына онлайн режимде қатысқандарға 10 мың теңгенің ақшалайы сыйақысы беріледі, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының Павлодар облыстық департаменті.

"Онлайн-санақтан өтіп, 10 000 теңге ал!" деген хабарландыру Павлодарское ауылының Instagram парақшасында жарияланды. Әкімдіктің бастамасын жергілікті кәсіпкерлер де қолдап отыр.

Ақшалай сыйақы онлайн-санақтан өткен әрбір жүзінші адамға беріледі. Акцияға тек ауыл тұрғындары ғана қатыса алады.

Ол үшін интернет арқылы санақ қағаздарын толтыру қажет немесе жергілікті дене шынықтыру кешені мен кітапханаға барып, кеңесшілердің көмегімен онлайн-санақтан өтуге болады.

"Сауықтыру орталығы мен кітапханадаға келген адамдарды бөлек санайды. Ал өздігімен өткендер онлайн-санаққа қатысқаны туралы туралы хабарламаны WhatsApp нөміріне жіберуге тиіс. Акцияның нәтижесі Павлодарское ауылы әкімдігінің Instagram-парақшасында жарияланады", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетері, 16 қыркүйекке дейін Павлодар облысында 160 мыңнан астам адам онлайн-санақтан өтті.

Санақ қағаздарын www.sanaq.gov.kz сайтында және Aitu мобильді қосымшасында 15 қазанға дейін толтыруға болады.

Онлайн-санақтан өтпегендердің үйіне барлық мәліметті қолма-қол жазып алатын мамандар барады. Олар 1-30 қазан аралығында үй-үйді аралайды.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
3 Пікір
Б
Басқа облыста жоқпа бұл ? 17.09.2021
10000берсе уакыт табамызғой
Жауап беру
Г
Гулнар 17.09.2021
Казакстан барлык обл - тары бере ме
Жауап беру
Г
Гүлназ 16.09.2021
Мектепте бүкіл мұғалімдер санаққа өздері тіркеп жатыр сол 10 мың теңгені соларға беру керек
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл