10 мыңнан астам азамат қаржы пирамидасына алдынып қалған
16.10.2020
1 мин
1
1538
Алматы қаласында «B2B Jewelry» ұйымдастырушыларына қатысты тергеу жалғасуда, деп хабарлайды Қаржы мониторингі комитеті.
Қаржы комитетінің ақпаратына сәйкес, ұйымдастырушылар халыққа сатып алу сомасының 104% мөлшерінде «кэшбэк» түрінде ақша қайтару кепілдігімен зергерлік бұйымдарды сатқан. Сонымен қатар, клиенттерге сатып алынған сертификаттың құны мен пирамидаға тартылған адамдардың санына байланысты жылына 520% кіріске дейін кепілдік беретін «алтын» мен «күміске» арналған сыйлық сертификаттар сатылған.
ЭТД қызметкерлері жүзеге асырған шаралардың салдарынан қаржы пирамидасының салымшылары салған 560 млн астам теңге, 303 мың АҚШ доллары және 3 500 евро тәркіленіп алынды. Қаржы пирамидасы салымшыларының жалпы саны - Қазақстанның барлық аймақтарын қоса есептегенде 10 000 астам адам.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аясында ҚР ҚК 217-бабының 3-бөлімі 2-тармағына сәйкес жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Күдікті тұлғаға қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Осыған орай, қаржы мониторингі комитеті осы жобаның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтардың комитетке және Алматы қаласы бойынша департаментке (Телефондары: 87786376213, 87028886449, 87017446040, 87074064945) жүгінуін өтінеді.
Басқа қала тұрғындары комитеттің аумақтық экономикалық тергеу департаменттеріне хабарласа алады. Сондай-ақ, Украинаның қауіпсіздік қызметі осыған ұқсас іс бойынша B2B зергерлік пирамидасының негізін қалаушы Никола Гонтқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр.