Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2021 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жалақы қанша болады
Жаңалықтар

2021 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жалақы қанша болады

22.08.2020
1 мин
0
1751

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлгерін 42 500 теңге мөлшерінде бекіту жоспарланып отыр. Бұл туралы "2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасында жазылған.

2021 жылдың 1 қаңтарынан:

  • ең төменгі жалақы – 42 500 теңге;
  • ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы – 18 524 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері – 43 272 теңге;
  • жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 917 теңге;
  • базалық әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн ең төменгі күнкөрiс деңгейiн – 34 302 теңге мөлшерінде бекіту жоспарланып отыр.

"Жасына байланысты зейнетақыға және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаржы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың мөлшерін 7 пайызға көтеру ескерілген", - делінген құжатта.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 қаңтарынан әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін мемлекет жарнасының мөлшері – жарнаны есептеу объектісінен 1,6 пайыз деп белгiлеу ұсынылды.

Еске салсақ, қазіргі таңда ең төменгі зейнетақы 40 441 теңгені құрайды. 

"2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы 2020 жылдың 4 қыркүйегіне дейін талқыланады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл