Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
5 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болады
Жаңалықтар

5 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болады

04.08.2022
1 мин
1
1239

Еліміздің бірқатар аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.

5 тамызда солтүстікте, Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын жел, найзағайдың екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел, күндіз орталықта, облыстың шығысында екпіні 16 м/с. 

5 тамызда күндіз Атырау облысының шығысында ауа температурасы 37 градусқа көтеріледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 5 тамызда күндіз 36 градус ыстық. 

Оңтүстікте, Қызылорда облысының орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен, күндіз облыс орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Ауданның басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Оңтүстікте, шығыста, Қарағанды облысының орталығында кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз солтүстікте, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Ұлытау облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз солтүстікте, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
Б
Балжан 05.08.2022
Алматы қайнап тұр ғой
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл