Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Абай облысында 13 адам құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндірген. Ұсталғандардың арасында шетел азаматтары да бар, деп хабарлады Stan.kz.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бөлімшелері Абай облысы Жарма ауданындағы "Еділбай" учаскесінде құрамында алтын бар материалды заңсыз өндірумен, өңдеумен, жер қойнауын өз бетінше пайдаланумен және заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топты ұстады.
“Бұл факт ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Өткізілген іс-шаралар барысында Жаңғызтөбе кентінен 30 шақырым жерде құрамында алтын бар кенді қайта өңдеу бойынша 2 заңсыз цех табылды. 13 "алтын іздеуші" ұсталды, оның ішінде 7-уі шетелдік. Іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде құрамында 100 тонна алтын бар кен, сондай-ақ 2 килограмнан астам жарылғыш (аммонит) және улы (сынап) заттар, сондай-ақ өндіруге қажетті жабдықтар табылып, тәркіленді”, – делінген хабарламада.
Құрамында алтын бар материалды өндіріп, қайта өңдеумен шұғылданған топты жергілікті тұрғын басқарған, қылмыстық топтың ұйымдастырушысы анықталды.