Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әлемдегі ең бай адамдардың дәулеті бір күнде 34 миллиард долларға артты
Жаңалықтар

Әлемдегі ең бай адамдардың дәулеті бір күнде 34 миллиард долларға артты

05.11.2020
1 мин
0
1836

Forbes Real-Time жариялаған рейтинг бойынша 3 қараша күні АҚШ-та өткен президент сайлауы аяқталған соң бір күн ішінде әлемдегі ең бай он адамның ақшасы 34,4 миллиард долларға артқан.  

4 қарашада жүргізілген сауда-саттық нәтижелері бойынша Amazon басшысы Джефф Безостың байлығы 190,6 миллиардқа жетіп, 10,5 миллиард долларға өскен. Ал Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаған Марк Цукерберг байлығы 8 миллиардқа толығып, 105,5 миллиард долларды құрады. Айта кету керек, ол ең бай адамдар тізімінде төртінші орынды еншілейді. Ал рейтингте 10-орынды алатын Үндістанның Reliance Industries холдингінің иесі Мукеш Амбани байлығы 4,1 миллиардқа артып, 74,2 миллиард долларды құраған.

Десе де, ең бай 10 адамның рейтингісінде байлығын арттыра алмай, керісінше жоғалтқан адамдар да болды. Оларды төмендегі кестеден көре аласыз.

Аты-жөні

Қызметі

Рейтингтегі орны

Жоғалтқан сомасы

1.

Илон Маск

Tesla және SpaceX негізін қалаушы

5

547 миллион доллар

2.

Уоррен Баффет

инвестор

6

291 миллион доллар

3.

Ларри Эллисон

Oracle негізін қалаушы

8

379 миллион доллар

АҚШ-тағы президент сайлауының нақты нәтижесі әлі белгісіз. Бірақ Американың жетекші телеарналарының ақпаратына сәйкес демократиялық партия кандидаты Джо Байденге берілген дауыстар саны басқа кандидаттардан артық.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл