Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда миллиардтаған теңгеге екі зауыт салына бастады.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, қаланың индустриялық аймағында салынатын екі кәсіпорынға инвестиция Түркиядан түседі. 2023 жылы металл қоршаулар шығаратын зауыт іске қосылады деп жоспарланған. Кәсіпорын инвесторы CELKONSAN Stroy компаниясы. Жоба құны 1,5 млрд теңгеге бағаланып, 25 жаңа жұмыс орны ашылады.
Сондай-ақ Panelsan құрылыс панельдерін шығаратын зауыт іске қосылады. Жоба 3,7 млрд теңгеге бағаланып отыр. Нысанда жылына 1 млн.шаршы метрге дейін өнім шығару жоспарланған. Нәтижесінде, 100-ге жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың айтуынша, бұл зауыттардың ашылуы құрылыс материалдарының бағасын төмендетуге мүмкіндік береді. Ол соңғы бірнеше күнде Қазақстанда жеті жаңа түрік жобасы іске қосылғанын атап өтті.
Атап айтқанда, Алматыда онкология және радиология институтының ғимаратында «Томотерапия» орталығы іске қосылды. Онда жылына 12 мыңға дейін сәулелік терапия сеанстары өткізіледі. Инвестор Orhun Medical (Түркия) болды. Жоба құны - 2,7 млрд теңге.