Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда есірткі саудасымен айналысқан екі ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматы қаласында прокуратураның үйлестіруімен Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімі мен Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері екі ер адамды есірткі сақтау және тарату күдігімен ұстады.
Тінту барысында күдіктілердің пәтерінен ақ түсті ұнтақ заттармен толтырылған 156 байлам табылды. Сонымен қатар пәтерден есірткі саудасына арналған сайтқа сілтеме жасайтын 5 мың жарнамалық жапсырма, электронды таразы және басқа да бөлшек сауда үшін қолданылған құрал-жабдықтар тәркіленді.
Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатовтың айтуынша, тәркіленген ақ ұнтақ заттар сот-химиялық сараптама нәтижесінде мефедрон психотроптық заты екені анықталған. Бостандық аудандық полиция басқармасы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі таңда екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалған. Айта кету керек, ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жарияланбайды. Сондай-ақ ҚР Конституциясына және Қылмыстық кодекске сәйкес кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.