Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ақтөбеде желіде байқамай бар сырын айтып қойған әке 3 миллион теңге төледі
Жаңалықтар

Ақтөбеде желіде байқамай бар сырын айтып қойған әке 3 миллион теңге төледі

24.05.2021
1 мин
2
1913

Алименттен қашып жүрген жауапсыз әке әлеуметтік желіде пәтер алғанын жазғаннан кейін табылды, деп хабарлады Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы.

Оқиға Ақтөбе облысында болды.Қайырымсыз әке алимент төлеуден бұлтарған адам ретінде төрт жыл бойы іздеуде болған. Ол баласын асырауға ара-тұра 5 мың теңге ғана беріп жүріпті. Оның қарызы 3 миллион теңгеге (7 мың долларға жуық) жетіп, екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Борышкер жаңа пәтер алғаны туралы желіде жазба жариялап, өзінің қайда екенін байқамай айтып қойғанға дейін еш нәтиже болмаған.

Осы жағдайдан кейін жеке сот орындаушысы көрсетілген мекенжайға барған. Жаңадан қоныстанушы сот орындаушысымен төбелесіп, соңғысы полиция шақыруға мәжбүр болды.

Нәтижесінде ер адам баласына алимент бойынша барлық қарызын төледі.


 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
2 Пікір
Б
Биба 24.05.2021
Осындай оңбай жүрген әке сымақтарды жер жұтып алса, артық етпес. Екі дүниеде де сұраусыз қалмайтыны сөзсіз
Жауап беру
Ж
Жадыра 24.05.2021
Ажырасқаннан кейін бала, баласы болмай қалады ма.... Неге әкелік сезімі өшіп қалады екен? Әйелі екеуі ұрысса бала байқұс қалады екі ортада
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл