Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
COVID-19 індеті аргентиналық байларды тығырыққа тіреді. Ел билігі қорғаныш құралдары мен дәрі-дәрмекке кететін шығынның бір бөлігін жаңа салық арқылы өтемекші.
Қазір Аргентинада 12 мыңнан аса азаматтың табысы 2,5 млн доллар, яғни 200 млн песодан асады. Жаңа талапқа сай олардың ел аумағындағы активтері үшін салық мөлшері 3,5%-ке, сырттағы қазынаға 5,25%-ке дейін көбейеді. Осылайша мемлекетке қосымша 4 млрд долларға жуық кіріс түсуі тиіс. Дегенмен елдегі оппозиция мұндай шешімге наразы. Олар жаңа салықтың індеттен кейін де сақталатынынан қорқады. Сөйтіп инвесторлардан айырылып қаламыз деген күдігін алға тартты.
Дереккөз: 24.kz