Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Арнайы тұрғын үй бағдарламасы болады": Көлгінов жағымды жаңалықты бөлісті

06.07.2021
1 мин
6
2257

Нұр-Сұлтанда қала күніне орай 400 отбасыға пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, пәтер алғандардың барлығы – баспана кезегінде тұрған азаматтар. Олар жетім балалар, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар, зейнеткерлер және тағы басқа әлеуметтік осал топтар.

"Әлеуметтік тұрғын үй қаланың барлық ауданында салынуда. Бүгін пәтер кілті Есіл ауданындағы (Пригородный елді-мекені) және Алматы ауданындағы (Қошқарбаев көшесі мен А 104 қиылысы) тұрғын үй кешенінен берілді", - деп жазды Көлгінов әлеуметтік желіде.

Оның айтуынша, биыл қалада 10 мың әлеуметтік пәтер салынады. Осы санаттағы баспананың көлемі жыл сайын артып келеді. Бұдан бөлек, тұрғын үй сертификатының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.

"Қазақстандық тұрғын үй компаниясының (ҚИК) бағдарламасы бойынша қатысушылар санатын кеңейттік. Енді, медициналық қызметкерлер, педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер, өрт сөндірушілер, тәртіп сақшылары, мәдениет және спорт қайраткерлері қатыса алады", - деп атап көрсетті қала басшысы.

Сондай-ақ, жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін баспана бағдарламасы да жалғаса береді. Соның аясында жыл соңына дейін тағы 1 мыңнан астам жас баспаналы болады.

"Осы мың пәтерден бөлек, биыл жыл басында 350 жасқа пәтер кілті тапсырылған болатын. Сол сияқты 2021 жылы жастар үшін арнайы тұрғын үй бағдарламасын (әлеуметтік несиелеу) іске қосуды жоспарлап отырмыз", - дейді Көлгінов.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
6 Пікір
А
Айгуль 07.07.2021
сертификат 1жарым миллион болды ма?
Жауап беру
И
Инжумаржан 06.07.2021
Даулет мырза озинизден жеке кенес алсак калай болады
Жауап беру
А
Айнур 06.07.2021
Сертификаттың бағасын көтергенен не пайда, қарапайым адамдар ала алмаса.
Жауап беру
Ж
Жанна 06.07.2021
Айтеуир осы жоба иске асса жаксы болар еди,канша багдарлама шыгып жатыр медиктерге деп бирак барсан ГКП на ПХВ жатаайды ,катыса алмайсыз дит.казир барлыгы дерлик медицина саласы ГКП на ПХВ .е5ди сенуден калдык
Жауап беру
Т
Тогжан 07.07.2021
Дурыс айтасыз менде жолдасым да медицина кызметкери.бари жерде солай.бизге де программа керек ау КИК аркылы алу мумкин емес.
Жауап беру
А
Айнур 06.07.2021
Дұрыс айтасыз менің анам 22 жыл больницада жұмыс істейді, очередьке тұрса сразу отказ келді, гкп на пхв деп
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл