Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Азаматтар көлікке әдемі нөмір алу үшін 73 млн теңге жұмсаған
Жаңалықтар

Азаматтар көлікке әдемі нөмір алу үшін 73 млн теңге жұмсаған

28.12.2020
1 мин
1
760

Жамбыл облысында автокөліктің “әдемі” нөмірін ұнататын азаматтар бюджетке 73 миллион теңгеден астам қаражат аударды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әкімшілік полиция бөліністері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету желісі бойынша мемлекеттік қызметтің үш түрін көрсетеді: олар көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, көлік құралы үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің нұсқасын беру, жүргізуші куәліктерін беру.

«Жыл басынан бері көлік құралдарын тіркеу және есептен шығару бойынша 89 274 мемлекеттік қызмет көрсетілді, 32 140 жүргізуші куәлігі берілді. Алғаш рет жүргізуші куәлігін 3751 адам алды», – деді Жамбыл облысының ПД процессинг орталығының бастығы  Айбек Көшеков.

Оның ішінде “Азаматтарға арналған үкімет “Мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (мамандандырылған ХҚКО) арқылы 83 391 адамға көлік құралдарын тіркеу және есептен шығару бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді, 19 375 азаматқа жүргізуші куәлігі берілді. “Электрондық үкімет” www.egov.kz ” порталы арқылы 5 883 көлік құралы тіркеліп, 12 765 жүргізуші куәлігі берілді.

Жалпы сомасы 73 миллион 162 мың 396 теңгеге жоғары сұраныстағы нөмірлердің 289 жиынтығы берілді. Өңір тұрғындары арасында 010 – нан 090, 077, 707-ге дейінгі цифрлық белгілері бар нөмірлер үлкен сұранысқа ие – мұндай мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің 156 жиынтығы сатып алынды.
 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
Т
Таңшолпан 28.12.2020
Менім бундай акшам болса, уй алар едім. Жағдайы төмен отбасыға көмек берер едім...
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл