Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бала туғанда берілетін жәрдемақыны қалай алуға болады?
Жаңалықтар

Бала туғанда берілетін жәрдемақыны қалай алуға болады?

06.10.2021
1 мин
13
2634

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Әділет, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп, екінші деңгейдегі банктердің  мобильді қосымшалары арқылы «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау» және «Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау» мемлекеттік қызметтерін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды бастады. Жаңа сервис азаматтар үшін ағымдағы жылғы 8 қазаннан бастап қолжетімді болады.

Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы мемлекеттік қызметтерді алу ыңғайлылығы – бұл жеке ЭЦҚ-кілттерді пайдалану және қосымша ақпаратты енгізу қажеттілігінің болмауы.

Пилоттық жобаға Kaspi Bank мен Халық банкі қатысуда. Жәрдемақы немесе әлеуметтік төлем тағайындауды ресімдеу үшін осы банктердің бірінің мобильді қосымшасында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бөлімді табу, тиісті мемлекеттік қызметті таңдау және дербес деректерді өңдеуге келісімді растау қажет. Өтінімді жібергеннен және оны мемлекеттік орган тарапынан қарағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға оны қарау нәтижесі және тағайындалған төлем сомасы туралы PUSH-хабарлама және SMS жіберіледі.

«Бұл жоба келесі тоғыз айда жүзеге асырылады. Оң динамика мен сұраныс болған, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер техникалық жағынан дайын болған жағдайда жоба пилоттық форматтан қолданыстағы форматқа көшіріледі деп жоспарлануда. Өз кезегінде, мемлекеттік органдар басқа екінші деңгейдегі банктермен ынтымақтасу және ЕДБ мобильді қосымшалары арқылы көрсетілетін қызметтердің тізбесін кеңейту үшін ашық», – деп атап өтті Еңбекмині Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаментінің директоры Анар Төлеубаева.

Азаматтардың кең ауқымына қолжетімді мемлекеттік органдардың дерекқорларын және өзге де платформаларды интеграциялау бойынша осындай жобаларды іске асыру халықты электрондық мемлекеттік қызметтермен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді, олардың қолжетімділігін, ыңғайлылығын арттырады және көрсету уақытын қысқартады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
13 Пікір
П
Перевод на русский язык 30.06.2022
Құрметті, Киселева Олеся Александровна! Сіз бала тууына және 1 жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақыны (4-ші/шы балаға) алуға құқылысыз. Тағайындалған соманы Сіздің банк шотыңызға аудару үшін, төменде көрсетілген тізімнен банктің реттік нөмірін таңдаңыз. 1 - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 1414 нөміріне 79#5#1 мәтінімен SMS жолдаңыз; 2 - «Казпочта» АҚ 1414 нөміріне 79#5#2 мәтінімен SMS жолдаңыз; Басқа банкты таңдау үшін, 79#5#0 мәтінімен SMS жолдаңыз. Сіздің жауабыңызды 3 жұмыс күні ішінде күтеміз. Барлық сұрақтар бойынша Call-орталығына 1414 нөмірі арқылы хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.
Жауап беру
М
Мени бала акшасын халк банкпен алам енди каспи ге кошрп соган тусетнди кылтуга болама 12.01.2022
А
Жауап беру
М
Малика Узакбаева 06.11.2021
Сәлеметсіз бе мен 4 баламды босандым еки балам Узбекистан метрика еки балам казакстан метрика маған смс келген 4 ба аласа метрика алғанда 110846деп 4балага берилетн жургекпул 183000 ненди устиндеги акшасы калай алсам болад
Жауап беру
М
Магым 06.10.2021
Салеметсизбе уйде отырып баланын куалигин жасай берсе болама
Жауап беру
М
Магым 06.10.2021
Салеметсизбе уйде отырып баланын куалигин жасай берсе болама
Жауап беру
М
Мөлдір 06.10.2021
3жасқа дейін төлемейтін болдыма? Жұмыс жасайтындарға.
Жауап беру
М
Мадина 06.10.2021
Мен ешкайда бармадым. Маган автоматты турде счетка тусти
Жауап беру
А
Айгерим 02.03.2022
Неше кунде тусти
Жауап беру
Г
Гулнур 06.10.2021
Бала туылганда берилетин жардем акы документ тапсырганнан кейин неше кунде или айда тумеди
Жауап беру
Б
Бану 06.10.2021
Бала туганда берилетин жардемакы мен 4 балаиды дуниеге акелем буйырса мени бирден коп балалы анага тиркейма алде алданы уакытта тиркелеме жане де почта счетимен дайындасам болама
Жауап беру
М
Молдир 06.10.2021
Бирден метиркесин алып тапсырыныз цонга барып айтпесе 1 ай отсин 2 ай отсин копбалалы пособие толемейди
Жауап беру
М
Мадина 06.10.2021
Ешкайда докум тапсырмайсыз. Балага туу туралы куаликти уйден тапсыпыс бересиз егов арквлы. Дайын болганда смс келеди. Одан сон 1414 смс келедиСіз бала тууына байланысты және бір жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы алуға құқылысыз. Тағайындалған соманы Сіздің банк шотыңызға аудару үшін, төменде көрсетілген тізімнен банктің реттік нөмірін таңдаңыз. 1 - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 1414 нөміріне 79#5#1 мәтінімен SMS жолдаңыз; 2 - «Kaspi Bank» АҚ 1414 нөміріне 79#5#2 мәтінімен SMS жолдаңыз; Басқа банкты таңдау үшін, 79#5#0 мәтінімен SMS жолдаңыз. Сіздің жауабыңызды 3 жұмыс күні ішінде күтеміз. Барлық сұрақтар бойынша Call-орталығына 1414 нөмірі арқылы хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.
Жауап беру
М
Мадина 06.10.2021
Сосын суммалары келеди. Рахат каз. Баланы кимге тастайм деп уайымдамайсыз
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл