Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ басқарма төрайымы Ибрагимова Ляззат елімізде баспана бағасы қашан арзандауы мүмкін екенін айтты.
Оның айтуынша, «Нұрлы жер» жобасы бойынша баспана кезегінде тұрған азаматтарға берілетін пәтерлер бойынша үй құрылысы аяталды. Баспана бағалары - Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында бір шаршы метрге 220-240 мың теңге. Өзге аймақтарда - 160-180 мың теңге шамасында.
Сонымен қатар, ол зейнетақы жинағындағы берілетін сомаға азаматтар бастапқы және қайталама нарықтағы үйлерді алуға болатынын алға тартты.
«Қазіргі кезде баспанаға сұраныс пен ұсыныстың жоғары болғанына байланысты баспана бағасы қымбаттағанын байқауға болады. Себебі екінші нарықтағы үйлер – сатушы нарығы болып табылады. Десек те, бұл жағдайда жай ғана күту керек. Мамыр және маусым айларында баспана бағасы бұрынғы қалыпқа қайта оралуы мүмкін», - деді Ляззат Ибрагимова.
Тағы көру