Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Келесі аптада Қазақстан мен Ресей бірлесіп вакцина өндірісін бастайды, деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бірінші міндет – қазақстандықтарды вирусқа қарсы екпемен қамтамасыз ету. Ол сөз барысында Ресей вакциналауды бастап кеткенін атап өтті.
«Келесі аптада біз бірлесе өндірісті бастаймыз. Ресейлік және қазақстандық вакцина шығарылады, сондай-ақ экспорт та қарастырылған", - деді ол.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау, халықтың табысы мен жұмыспен қамтылу деңгейін қолдау қажеттігін атап өтті.