Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шетел ғалымдарының COVID-19 вирусы қолма-қол ақша арқылы таралып, банкнотта 1 ай сақталады деген пікірге қатысты Ұлттық банк түсініктеме берді.
Маманның айтуынша, ақшадағы COVID-19 вирусының "өміршеңдік мерзімі" туралы бірнеше болжам бар. Олардың бірі вирус бөлме температурасы жағдайында заттардың үстінде 28 күн сақталады десе, енді бірі толық бір тәулік сақталады дейді.
Еуропа орталық банкінің дерегіне сүйенсек, банкноттардағы COVID-19 іздері бірнеше сағаттан кейін жоғалады.
"Ұлттық Банк ақшаны қайтадан айналымға шығару алдында орауға орап, кемінде 14 күн арнайы орында сақтайды. Одан кейін мамандар ақшаны сұрыптауға және санауға кіріседі. Банкноттарда вирустың "өмір сүру" ұзақтығы жөніндегі түрлі болжамдарды ескеріп, алдын алу мақсатында қолма-қол ақша қайта санауға дейін ашылмаған күйі 45 күн бойы сақталады", - деді Жомарт Қажымұратов
Сонымен қатар, ол Ұлттық банктен айналысқа түсетін банкноттардың бетінде COVID-19-дың болу ықтималдығы шамалы деп отыр. Елімізде банктер, «Қазпошта» және инкассаторлық ұйымдар банкоматтар мен кассалық техникаға зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізеді.