Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Covid-19 жұқтырған дәрігерлерге 900 мың теңге айыппұл салынады" – комитет жауабы

03.11.2020
1 мин
7
1710

Нұр-Сұлтан қаласының дәрігері желіде енді коронавирус жұқтырған дәрігерлерге 880 мың теңге айыппұл салынатынын жазды. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп жазды StopFake.

Денсаулық сақтау министрлігі де, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті де коронавирус инфекциясын жұқтырған дәрігерлерге айыппұл салу туралы қаулы шығарған жоқ.

Бұл туралы комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді. Ол осы ақпаратты жариялаған дәрігермен сөйлескенін айтты.

"Қазір бұл мәселе бойынша Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы шаралар қабылдап жатыр. Бізде мұндай заңдар жоқ және болмайды да. Оны нақты айта аламын. Біз әр дәрігерді бағалаймыз. Дәрігерлер бізге пандемиямен күресуге және қазақстандықтардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі", - деді Байтанаев.

Айта кетейік, 20 қазанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдыққан және одан қайтыс болған дәрігерлерге өтемақы төлеуді тоқтатты. Осы уақытқа дейін қабылданған барлық өтініш бойынша бір реттік өтемақы төленеді. Одан кейін тоқтатылады. Ал коронавирусты жұқтыру қаупі үшін жалақыға қосылатын үстемақы төлене береді.

Ал оған дейін денсаулық сақтау министрлігі бір реттік өтемақының екі түрін бекіткен болатын. Коронавирус инфекциясын немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне 2 миллион теңге, коронавирус инфекциясынан немесе вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған жағдайда дәрігердің туыстарына 10 миллион теңге төленді.

Дереккөз: Sputniknews.kz 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
7 Пікір
Г
Гулбакыт 04.11.2020
Ауырсакта медицина кызметкери бола тура 2 млн алмадык
Жауап беру
А
Айнур 03.11.2020
Казир типтен врачтар адамды карамак тугили баланы да карамайтын болыпты
Жауап беру
М
Майра 03.11.2020
Букил даригерлер ерегескенде окиметке озин емдеп ал деп кету керек сияктымыз кабинетте отырып алып Зан шыгаргыш осылар корсин ортасында отыргызып кою керек ешактарды
Жауап беру
С
Сара 03.11.2020
Дұрыс
Жауап беру
Ж
Жадыра 03.11.2020
Тегін жатқан акша жоқ деп тұрғой. Біз саған бердік ендісен кайтар деп. Ужас просто. Біздің үкіметтен бәрін күтуге болады. Аузымыздағы нанды да жұлып алар бұлар.
Жауап беру
А
Акмарал 03.11.2020
Берген акшаларын кайтадан кайтарып алады" десенисши
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл