Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде 85 мыңға жуық зейнеткерге әлеуметтік көмек көрсетіледі
Жаңалықтар

Елімізде 85 мыңға жуық зейнеткерге әлеуметтік көмек көрсетіледі

01.10.2021
1 мин
0
1273

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан 84 867 зейнеткерге әлеуметтік көмек көрсетіледі. Қарттар күніне орай 74 145 зейнеткерге жалпы сомасы 540 млн теңге көлемінде жыл сайынғы біржолғы әлеуметтік көмек төленді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай да берілді. Жасы бойынша ең төменгі зейнетақы алушыларға, яғни 10 722 зейнеткерге 78 млн 195 мың теңге мөлшерінде ақша төленді.

Ал 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 4072 адамға жалпы сомасы 201 млн 947 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілді.

Бұдан бөлек 205 зейнеткерге қыста көмір сатып алу үшін 9 млн 516 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

Тұрғын үйді газдандыру бойынша газдандыруға жататын жергілікті жеке тұрғын үйде тұратын, жекеменшік иесінің отбасы мүшелері болып саналатын зейнеткерлерге, мүгедектігі бар тұлғаларға, мүгедек балаларға, көпбалалы аналарға және 83 зейнеткерге біржолғы көмек берілді, мөлшері – 262 530 теңге (жалпы 21 млн 790 мың тг).

Биыл 2156 зейнеткер Қатаркөл шипажайында ем алды. Оларға жасына байланысты 65-75% жеңілдікпен жолдама берілді.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне моншаға, шаштаразға, мәдени, ойын-сауық және спорттық шараларға бару үшін 21 адамға 474 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерді төлеу жөніндегі әлеуметтік көмекпен 21 адам қамтылды.

Тіс емдеу және протез салу әлеуметтік көмегімен жыл басынан бері 1140 зейнеткер қамтылды.

Қазіргі уақытта «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 480 адамға үйіне барып қызмет көрсетеді. Оның 426-сы – жалғыз тұратын қарт, 54 адам – 1 және 2 топ мүгедектері. Ал мекеменің өзінде 182 қария тұрып жатыр. Жаһандану дәуірінде көптеген қызмет түрі цифрлы жүйеге ауысып жатқаны белгілі. Сол себепті аға буын өкілдерін цифрлық сауаттылық бойынша оқыту («Бізбен бірге» ҮЕҰ, Сығанақ көшесі, 29, 1509 кабинет, 87775733591) ұйымдастырылады, тиісінше қарт адамдарға қолдау («Қазақстан жастар фракциясы» ҚҚ, Кенесары көшесі, 8 үй, 12-қабат, 1712 -кабинет, 8 775 571 33 28) көрсетіледі.

Айта кетейік, елордада Қарттар күнін мерекелеу аясында 20 қыркүйектен бері ардагерлер флешмобы, зейнеткерлер арасында шахмат пен дойбыдан турнир сынды іс-шаралар өткізілді. «Есіл» ауданында үйлерді аралап, зейнеткерлер мен мүгедектерді медициналық тексеруден өткізу ұйымдастырылып жатыр. Сондай-ақ, жалғызбасты зейнеткерлер мен ардагерлерге арналған 40 азық-түлік себеті таратылды. Ал білім беру мекемелері қарияларды құттықтап, құрмет көрсетуде.

Сол сияқты қалада волонтерлардың қатысуымен қарттар күніне орай концерттік бағдарламалар, қоғамдық орындарда гүлдер тарату, қарттар үйінде сенбілік, зейнеткерлерге экскурсия өткізу сынды шаралар 3 қазанға дейін жалғасады.

Қарттар күніне орай өтетін іс-шаралар санитарлық нормаларды толықтай сақтай отырып өтеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл