Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде азық-түлік бағасы бір жыл ішінде қанша теңгеге қымбаттаған?
Жаңалықтар

Елімізде азық-түлік бағасы бір жыл ішінде қанша теңгеге қымбаттаған?

11.08.2021
1 мин
0
2015

Бір жыл ішінде азық-түлік бағасы 11 пайызға өсті, - деп хабарлайды Dauletten.kz Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Шілдеде азық-түлік бағасы 0,7 пайызға өскені байқалған. Бір жыл ішінде бағалар бірден 11 пайызға өскен.

Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің ішінде 19 тауар түрінің 7-еуі 20 пайызға қымбаттаған. Өткен айда баға 0,1 пайызға, ал жыл басынан бері 10,3 пайызға өскен. Сәбіз жылына 2,3 есе, картоп 41,6 пайызға, пияз 28,8 пайызға, өсімдік майы 27,3 пайызға, қырыққабат 22,3 пайызға қымбаттады.

2021 жылдың шілдесінде былтырғымен салыстырғанда әлеуметтік маңызы бар өнімдер арасында сәбіз бағасы 2,1 есеге, бір келісі үшін 297 теңгеге дейін өсті. Сондай-ақ, күнбағыс майы 65,8 пайызға 739 теңгеге дейін, қант 33,2 пайызға 281 теңгеге дейін, картоп 27,3 пайызға 182 теңгеге дейін қымбаттады. Сондай-ақ, қарақұмық жармасы 490 теңгеге дейін, қырыққабат 102 теңгеге дейін, жұмыртқа 352 теңгеге дейін өсті.

Бұған дейін хабарланғандай, статистика бюросының мәліметі бойынша, шілдеде ақ қырыққабат 12,6 пайызға, қызылша 9,1 пайызға, пияз 8,2 пайызға, күнбағыс майы 4,2 пайызға, құс еті бағасының өсуі байқалды. 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл