Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде бүгіннен бастап кімдер үшін карантин жеңілдейді
Жаңалықтар

Елімізде бүгіннен бастап кімдер үшін карантин жеңілдейді

09.08.2021
1 мин
11
11557

Тоғызыншы тамыздан бастап Аshyq жобасына қатысатын бизнес нысандарының жұмыс уақыты ұзартылды. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігердің Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолдаған ресми хатында жазылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан палатаның ресми сайтына сілтеме жасап.

Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, 9 тамыздан бастап Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін "қою қызыл" аймақтағы нысандарға сағат 22:00-ге дейін, ал "Ashyq лидерлері" мәртебесін алғандарға сағат 00:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді.

Бұған дейін қаулының 4-қосымшасында көрсетілген талаптар сақталды. Онда кәсіпкерлерге кешкі сағат 20:00-ге, ал "Ashyq лидерлеріне" 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген еді.

"Осылайша "қою қызыл" аймақтағы Ashyq жобасына қатысушылардың жұмыс режиміне қойылатын талаптар БСДҚ №33 қаулысының 4-қосымшасына сәйкес 2021 жылдың 9 тамызына дейін қолданылды", – делінген бас санитар дәрігердің хатында.

Бұдан бөлек, хатта "қызыл", "сары" және "жасыл" аймақтардағы нысандар бойынша түсініктеме берілген. Бас санитар дәрігердің ақпаратына сәйкес, Ashyq жобасына қатысушы нысандар тиісті талаптар бойынша жұмыс істей береді.

Алайда "қызыл" аймаққа кіретін өңірлерде жергілікті санитар дәрігерлер Ashyq қатысушыларына қатысты шектеу шараларын күшейте алады.

Айта кетері, шіденің соңында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалалары "қою қызыл" аймаққа кірген еді. Осыған байланысты 2 тамыздан бастап осы қалаларда қатаң шектеу шаралары енгізілді.

"Қою қызыл" аймақ – қатер деңгейі жоғары аймақ. Ауруханаларда төсек-орынның толу көрсеткіші 70%-тен жоғары немесе бір апталық кезеңде 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден астам адам жатқызылған жағдайда өңір "қою қызыл" аймаққа кіреді.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
11 Пікір
Д
Дина 10.08.2021
Бұның не болары бір аллаға аян халық аман болсын
Жауап беру
Н
Нурик 09.08.2021
Қосылғыштың орны өзгергенмен,қосынды өзгермейді
Жауап беру
А
Айнур 09.08.2021
Мен медбикемін пшқандай екпе алмадым балам мәме емет жасынан асты балам қазір кезекті еңбек демалысындамын.енді маған жұмысқа түссем кедергі лер көбейеме ?
Жауап беру
Ж
Жанат 10.08.2021
Екпе алмаган
Жауап беру
А
Айнур 09.08.2021
Мен медбикемін пшқандай екпе алмадым балам мәме емет жасынан асты балам қазір кезекті еңбек демалысындамын.енді маған жұмысқа түссем кедергі лер көбейеме ?
Жауап беру
А
Асел 09.08.2021
20на Актобеден Алматыға билет алып Едик өткизерме екен.кыдыруга
Жауап беру
А
Айгул 09.08.2021
Өткізеді
Жауап беру
09.08.2021
Қыдыруға қалай қорықпайсыз, осындай жағдай болып жатырғанын біле тұра
Жауап беру
І
Іңкәр 09.08.2021
Соны айтсаңызшы, шамалы шыдау керек қой үйден шықпай.Қазір қыдыратын уақыт емес,бастысы денсаулық сақтау.
Жауап беру
Л
Ливерпуль 09.08.2021
Бәле болдығо осы сан.Врачтар
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл