USD
EUR
RUB
Brent мұнайы
WTI мұнайы
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің ұсынысыңыз сәтті жіберілді, Рахмет!
Жаңалықтар

Елімізде қай саланың өкілдері ең төмен жалақы алады

10.10.2021
1 мин
14
367
Елімізде қай саланың өкілдері ең төмен жалақы алады

Қазақстанда қай саланың өкілдері ең төменгі жалақы алатыны туралы ақпаратты finprom.kz сайты ұсынды.

Сауалнамаға елдегі ірі компаниялар мен шағын және орташа компаниялардың 30 пайызы қатысты.Басылым ұсынған ақпаратқа сенсек, елдегі әрбір бесінші қызметкер 90 мың теңгеден аспайтын жалақы алады.

Қазақстандағы жұмысшылардың төрттен бірінен астамы 45 мыңнан 105 мың теңгеге дейін жалақы алады. Ең үлкен топ, немесе 36,9% - 105 мыңнан 210 мың теңгеге дейін жалақы алатын қызметкерлер.

Сондай-ақ, жұмысшылардың төрттен бір бөлігінен көбі 210 мыңнан 390 мың теңгеге дейін жалақы алады, ал 390 мыңнан жоғары жалақы алатындар - қызметкерлердің 10,7%-ын ғана құрап отыр.

Жас бойынша қарастыратын болсақ, ең жоғары орташа айлық жалақы 35 пен 44 жас аралығындағы жұмысшыларға тиесілі екен - 247,8 мың теңге. Одан кейінгі орынды орташа жалақысы 237,7 мың теңгені құрап отырған зейнеткерлік жастағы қызметкерлер алып отыр.

Ең төменгі орташа айлық жалақы жұмысқа жаңадан кіріскендер арасында байқалды, яғни 16 мен 24 жас аралығындағы қызметкерлер - 150,2 мың теңге. Экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақысы ең жоғары сала - қаржылық және сақтандыру қызметі, онда қызметкерлердің орташа айлығы - 394,3 мың теңге. Сондай -ақ, кәсіптік, ғылыми-техникалық қызмет (344,6 мың теңге) пен құрылыс (321,1 мың теңге) саласы да жалақысы жоғары салаға еніп отыр.

Ал ең төменгі орташа жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында байқалуда (135,1 мың теңге). Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікпен операциялар сегментінде де, (141,8 мың теңге), өнер, ойын -сауық және демалыс саласында (143,5 мың теңге) да жалақы төмен болып отыр.

Мамандар бойынша ең жоғары орташа айлық жалақы менеджерлер мен мемлекеттік қызметкерлер арасында тіркелуде (372,1 мың теңге).

Екінші орында кәсіби мамандар (258,7 мың теңге), одан кейін өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылар мен жүргізушілер (199,3 мың теңге).

Ең төменгі жалақыны күтілгендей біліктілігі жоқ жұмысшылар алды: 87,1 мың теңге. Сондай-ақ, жалақысы төмендердің қатарында қызмет көрсету және сату бойынша жұмысшылар (115,4 мың теңге), фермерлер мен ауыл және орман шаруашылығындағы жұмысшылары, балық өсіру мен балық аулау (116,2 мың теңге) қызметкерлері бар.

14 Пікір
Сандугаш
Кастелянша болып істеймін қолына 23 мын аламын
Жауап беру
Жабу
Гульнара Ермекова
Тех персоналмын мектепте колга 50000 аламвн
Жауап беру
Жабу
Гульнара Ермекова
Менин жалакым 42500
Жауап беру
Жабу
Аузын айырып жіберетін екен айтып отырғанда. Мисыз есалаң ондай айлык тек ертегіде болады
Өздері көтіне тығып жатыр тығып жатыр арамтамактар
Жауап беру
Жабу
Аиса
Медиктер 136 мың айлык аламыз. Министрлік миллион алады.
Жауап беру
Жабу
Айнакул
Медбикелердің айлығы ең төмен айлық алады ғой 25жыл стажым бар 142мың теңге айлық
Жауап беру
Жабу
Айс
Отирик айтпасыншы типти. Менин айлығы 59 мың.
Жауап беру
Жабу
Гаухар
Ең төмен айлық балабақшада, техперсонал, уборщик служебных помещений, рабочий по комплексом обслуживанию здания, дворник, сторож, кладовщик, кастелянша, завхоз, бухгалтер, делопроизводитель, кухработники.
Жауап беру
Жабу
Зауреш
Ең төменгі айлық бізде кіші қызметкерлер,бухгалтер ,статист,қарауылдар,тәрбиешілер,50000,87000 тг арасы,,
Жауап беру
Жабу
Зауреш
Мира
50.мын тарбиеши онын комекшиси
Жауап беру
Жабу
Алма
Айлыкты котермей жатып наннын багасы 100 тенге баскасын айтпаганда
Жауап беру
Жабу
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл