Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Заңды тұлғаларға несие көлемі бір айда 7 221,5 млрд теңгеге дейін 1,0%-ға, жеке тұлғаларға – 9 235,0 млрд теңгеге дейін 4,2%-ға ұлғайды. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.
Ұлттық валютадағы несие көлемі бір айда 14 560,6 млрд теңгеге дейін 3,2%-ға көбейді. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген несие 1,6%-ға, жеке тұлғаларға 4,2%-ға өсті.
Ал шетел валютасындағы несие көлемі 1 895,8 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға қарыз 0,6%-ға, ал жеке тұлғаларға 5,4%-ға төмендеді. 2021 жылғы тамыздың соңында теңгемен несиелердің үлес салмағы 88,5% (2020 жылғы желтоқсанда – 87,0%) болды.
Биыл тамызда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген несиелер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі – 11,6% (2020 жылғы тамызда – 11,9%), жеке тұлғаларға – 17,2% болды (17,1%).