Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде биыл 1 мамырдағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 55,7 мың адамды құрады. Олардың ішінде 33,3 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды, деп хабарлайды еңбек министрлігі.
Заңға сәйкес, Қазақстанда жұмысынан айырылған адамдарға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлем төленеді.
Жәрдемақы мөлшері жоғалған кірістің 40%-інен аспайды.
Төлем алу үшін жұмыстан босатылған жұмыскер мына қадамдарды орындауы шарт:
Жұмыссыз мәртебесін алғаннан кейін азаматтың телефонына төлем алуға келісіп-келіспейтіні туралы SMS-хабарлама жіберіледі. Келіскен жағдайда SMS-ке жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.
Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адам жұмыс іздеген кезеңде оны қолдауға арналған.
Тағы көру