Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елордада карантин тәртібін бұзғандарға 159 миллион теңге айыппұл салынды
Жаңалықтар

Елордада карантин тәртібін бұзғандарға 159 миллион теңге айыппұл салынды

18.07.2021
1 мин
2
727

Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері карантин бұзған 786 жеке және заңды тұлға 159 миллион теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

Әкімдік сайтының хабарлауынша, елорданың мониторингтік топтары карантин тәртібін бұзған кәсіпкерлік субъектілерін анықтауды жалғастыруда, жұмыс тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр.

Көптеген өтініш-ескертулерге және әкімшілік жауапкершілікке тартылатынына қарамастан кейбір мекемелер жұмыс режимін сақтау жөніндегі талаптарды әлі күнге дейін елемей, бұқаралық іс-шаралар өткізеді, ал қызметкерлері бетперде тақпайды,

Мәселен,16 шілдеде елордада карантин шектеулерін бұзған 8 кәсіпкерлік нысаны анықталды.

Сарыарқа ауданында белгіленген уақыттан кейін "Pei Zdes" лаундж-бары, "Атом" компьютерлік клубы және "Угол 4/1" бары жұмыс істеді.

Алматы ауданында орналасқан "Киш Миш" кафесінде, "Какие люди" барында, "Эхо" клубында да жұмыс режимінің бұзылуы анықталды.

Сонымен қатар Есіл ауданындағы "Inforno" мейрамханасы мен "VZлетный" ресто-бары сағат 22.00-ден кейін келушілерді қабылдауды жалғастырған. Ал "VZлетный" тіпті кальян шегу қызметін көрсеткен. 

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Айта кетері, жыл басынан бері елордада шектеу және карантин шараларын бұзғаны үшін жалпы сомасы 159 миллион теңгеге 786 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
2 Пікір
Т
Толкын 18.07.2021
Сәттілік серік болсын
Жауап беру
Ә
Әлемгүлі 18.07.2021
Кімде ондай ақша бар екен, қарапайым халықты айтам, күлкілі
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл