Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елордада вакцинацияланған жастар арасында 1,5 миллион теңге ойнатылады
Жаңалықтар

Елордада вакцинацияланған жастар арасында 1,5 миллион теңге ойнатылады

07.08.2021
1 мин
4
1011

Елордада вакцина алатын жастар арасында 1,5 миллион теңге ойнатылады. Елордалық "Астана жастары" жастар ресурстық орталығы қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Халықаралық Жастар күні қарсаңында "Stop COVID-19" үздік бейне-challenge байқауын ұйымдастырады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Байқау студент жастар арасында вакцинациялау арқылы COVID-19 таралуына қарсы күрес, сондай-ақ студенттер арасында шығармашылық кластерді қолдау мақсатында өткізіледі. Сайыс жеңімпазы елордалық мәслихат депутаты Азамат Манасұлының басшылығымен жұмыс істейтін "Ідіріс Орынбасар атындағы қайырымдылық қорынан" 1 миллион теңге алады. 2-орынға – 300 мың теңге, 3-орынға – 200 мың теңге. Сондай-ақ, байқауға қатысушылар үшін "Арена fitness", "Winox" фитнес-залдарының танымал желілерінен және "Хлебный край"компаниясынан ынталандыру сыйлықтары қарастырылған.

Байқау осы жылдың 5 тамызы мен 5 қазаны аралығында өткізіледі. Оған елорданың орта арнаулы (колледждер) және жоғары оқу орындарының кәмелетке толған студенттері қатыса алады.

«Шарттар өте қарапайым: ниет білдірген қатысушылар 5 тамыздан 5 қыркүйекке дейін Google Forms арқылы Instagram @astana_jastary профилінің тақырыпшасына қатысуға өтінім жіберуі қажет. Содан кейін қатысушы Нұр-Сұлтан қаласындағы кез келген егу пунктінде 5 тамыз бен 5 қазан аралығында екпе алуы тиіс. Ары қарай вакцинация нүктесінен шығармашылық бейне-challenge түсіріп, оны Instagram және Tik tok-та жастардың ең көп санына тарату керек. Жарияланымдардың астында челленджге қатысушылардың санын бақылау үшін #stopCovid #молодежьзавакцинацию #nsjastary #astanajastary хэштегтері көрсетілуі қажет. Байқау соңында ең көп таралымға ие бейнеролик авторлары (1,2,3-орын) ақшалай сыйлық алады.

Байқау ережесінің шарттарымен Instagram парақшаларынан танысуға болады: @astana_jastary және @ns_jastary, немесе WhatsApp +77471909693 нөмірі бойынша хабарласуға болады», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
4 Пікір
М
Молдер 07.08.2021
Куштыгои оинатсаныздар
Жауап беру
М
Молдер 07.08.2021
Куштв
Жауап беру
Р
Рауан 07.08.2021
Барлык жерде де ойнатсин
Жауап беру
Г
Гулзакира 07.08.2021
Неге Елордада гана ойнатады барин баска калада дым жокко ондай
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл