Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Нұр-Сұлтан қаласында «Жомарт жүрек» сыйлығының қалалық кезеңдегі лауреаттарын марапаттау салтанаты өтті, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Марапаттау салтанатына Нұр-Сұлтан қаласы әкімі орынбасары Асхат Оралов, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері, меценаттар, еріктілер қатысты.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Жомарт жүрек» сыйлығы республикадағы, оның ішінде елордадағы бизнес-қауымдастық өкілдерінің әлеуметтік бастамаларын жүзеге асырудың негізгі құралдарының бірі болды. Сыйлық еліміздегі қайырымдылық саласының дамуына бей-жай қарамайтын жандарды іздеу және көтермелеу мақсатында тағайындалған. Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – халқымыздың көне заманнан келе жатқан дәстүрі, қанымызға сіңген қасиет. Бұл – ғасырлар бойы құндылығын жоймаған ата салтымыз», - деп атап өтті Асхат Оралов.
«Жомарт жүрек» сыйлығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен елімізде қайырымдылық саласын дамытуға елеулі үлес қосқан жанашыр жандарды іздестіру және көтермелеу, оларға қоғамдық назар аудару мақсатында тағайындалған. Аталған сыйлық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында төрт жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді.
Ал «Жыл меценаты» сыйлығы «Dauletten қайырымдылық қорының» директоры Нұрсұлтан Орынбековке табысталды.
«Dauletten қайырымдылық қоры» әлеуметтік осал топтар қатарына жататын отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету, пандемия кезінде тыныс алу аппараттарын алдырту, жеткізу, таратужұмыстарына ерікті түрде атсалысқан. Бұдан бөлек, логопед маман, балалар және отбасы психологы қызмет ететін «Қайырымды қала» әлеуметтік кешенін ашқан.