Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ипотека туралы аңыз: несиеге баспана алудан неге қорықпау керек?
Маман пікірі

Ипотека туралы аңыз: несиеге баспана алудан неге қорықпау керек?

26.08.2021
1 мин
33
20370

Көп жағдайда тұрғын үй сатып алудың бірден бір амалы – ипотекаға баспана рәсімдеу. Десе де, көп адамдар банктен қарызға ақша алудан қорқады. Көпшілік арасында дұрыс жолды таңдауға кедергі келтіретін ипотека жайлы бірнеше аңыздар бар. Осы орайда, жылжымайтын мүлік бойынша сарапшы Александра Шатурованың пікірін білдік.

1.     Ипотека - өмір бойы қарыз төлеу

Адамдар арасында «ипотекаға алынған баспана» дегенді естігенде, бұл өмір бойы қарызды өтеу деп түсінеді. Шын мәніне келгенде, баспананы ипотекаға алғанда туындайтын мәселелер адам өзінің қаражатын есептемеуінен болады. Нәтижесінде, ай сайын төлейтін қаражат қарыз алушыға ауыр болғандықтан, адамдар арасында сондай түсінік қалыптасады.

Ай сайынғы төлем сіздің табысыңыздың 40-60%-нен аспауы керек. Сондықтан өтінім берер алдында ипотеканы қандай шарттарда төлеуге ыңғайлы болатынын алдын ала есептеп алған дұрыс. Сондай-ақ ипотеканы төлеу кезінде табысыңыз төмендеген жағдайда, сіз қандай амалдарды қолдана алатыныңызды білуіңіз керек.

Өзіңіздің мүмкіндіктеріңізге сенімді болсаңыз да, барынша ұзақ жылға ипотеканы рәсімдей беруге болады. Бұл жағдайда сіздің төлейтін қарызыңыз жалдамалы пәтердің ай сайынғы төлемінен аз болуы да мүмкін.

Ал жылжымайтын мүліктің жыл сайын өсіп келе жатқан бағасы ипотеканы тиімді қаржы құралына айналдырады. 2020 жылдың соңына қарай жылжымайтын мүлікке салынған инвестициялар банктік салымдарға қарағанда 6 есе тиімді болды.

2.     Ипотекадағы пәтер банкке тиесілі және кез келген уақытта банк меншігіне өте алады

Егер пәтер ипотекада болса, онда жылжымайтын мүлікті несие төленгенше банк кепілге қояды. Сондықтан, сіз баспананы банк рұқсатынсыз сата алмайсыз. Егер сіз ипотека төлемесеңіз, банк пәтерді тартып ала алады. Содан кейін оны сатып,  шығындарды жаба алады. Бірақ банк бұндай жағдайларға тек несие алушы қарызын уақытылы төлемей, қарыз мөлшері шектен асып кеткенде ғана бара алады. Шын мәнінде, банк ипотекалық келісімді сақтайды және туындаған мәселелерді шешуге көмектесетін шарттарды ұсынады. Тіпті,  ипотекалық үзіліс алуға да мүмкіндік береді.  

3.     Ипотека рәсімдеу қиын

Көпшілік арасында ипотекаға баспана алу қиын деген түсінік бар. Десе те, қазіргі кезде әр азаматтың жағдайына байланысты түрлі ипотекалық бағдарламалар ұсынылуда. Банктердің ипотека аларда несие тарихы, азаматтың жасы мен отбасы жағдайы, төлем қабілеттілігіне қарауы қалыпты жағдай. Әрине, егер қарыз алушы бұл талаптарға сай келмесе банк оған ипотека беруден бас тарта алады. 

4.     Егер мен ай сайынғы төлемді азайтсам, ипотеканы тезірек жаба аламын

Кейбір адамдар ай сайын төлейтін соманы азайтатын болсам, ипотеканы уақытынан ертерек жаба аламын деп ойлайды. Бірақ бұл дұрыс түсінік емес. Кез келген банктен алынған қарыз несиенің негізгі бөлігінен және проценттен тұрады. Көбінесе банктер аннуитеттік төлем жүйесін ұсынады. Яғни бұл төлем жүйесін таңдаған адам ай сайын бір соманы төлеп отырады. Алғашында сіз несиенің процентін төлейсіз, содан кейін ғана негізгі қарызды өтейсіз. Сондықтан ай сайынғы төлемнің мөлшерін емес, несиенің мерзімін қысқартқан жөн. Нәтижесінде сіз процентке аз ақша бересіз.

5.     Ипотека алу үшін бастапқы жарна міндетті

Әдетте, бастапқы жарна жылжымайтын мүлік құнының 10-тен 50%-ке дейін мөлшерін құрайды. Оны төлеу арқылы сіз банкке төлем қабілеттілігін дәлелдей аласыз. Егер сіздің қолыңызда қаражат болмаған жағдайда, кепіл қою арқылы да ипотека алуға болады. Десе де, бұл жағдайда сіздің ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі жоғары болады. Мысалы, «Орда» ипотекалық бағдарламасы бойынша алғашқы жарнаны салсаңыз, баспананы жылдық 12%-пен алуға болады. Ал алғашқы жарнаның орнына кепіл қойғанда жылдық 14%-пен баспаналы болуға мүмкіндік бар.

 

 

Сіз зат сатып алар алдында қандай төлем түрін қолданасыз?
2525 адам
Төлем картасы 0%
Қолма-қол ақша 0%
Интернет-банкинг 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
33 Пікір
Ж
Жанат 02.01.2022
Жумыстан сокращениеге тусип калдым, енди баска жумыска кирдим, желтоксаннын жалакысын бурынгыдан биршама аз алып калдым, алдагы кантар, акпан ипотекага толей алмай каламын ау деп ойлаймын, графикти создырса болама?
Жауап беру
Д
Дина 28.12.2021
Ничего личного
Жауап беру
Р
Раушан 28.12.2021
Менин колымда казир 3 млн бар калай ипотекамен уи алуга болады
Жауап беру
Ж
Жанар 28.12.2021
Сбербанк барыңызшы, бәрін түсіндіріп береді
Жауап беру
28.12.2021
Сбербанк проценты азба ипотеакга алганда
Жауап беру
Ж
Жасқанат 03.01.2022
Жоқ, банктердің пайыз ставкалары шамалас
Жауап беру
Ш
Шолпан 12.11.2021
Интернет банкінің деген не
Жауап беру
Ш
Шолпан 12.11.2021
Айтпақшы мен Жамбыл облысынан боламын
Жауап беру
Ш
Шолпан 12.11.2021
Саламатсызба мен шағын кәсіпкермін көп балалы анамын. Күйеуім 80мың айлық алады. Казір колымызда 1,5миллион бар ипоеткаға калай тез уй алуға болады.
Жауап беру
Ж
Жадыра 28.12.2021
2пайызбен. Бастапқы 10пайызы 1.5 млн болады. 15млн уйин алаасыз
Жауап беру
Ж
Жадыра 28.12.2021
Бакытты отбасы
Жауап беру
Ж
Жулдызай 09.11.2021
Интернет банкинг
Жауап беру
Ж
Жұлдыз 09.11.2021
Мен жалғыз басты анамын. Жасым 46да. Алатын жалақым 100-112 мың. Нақты қолыма түсетін. Қара тізімдемін. Бірақ графикпен төлеп келемін. Жалдамалы пәтерде тұрамын баламмен. Маған қалай қандай бағдарламамен үй алуға болады. Жалпы үкіметтен бе әлде ипотекағама баспана алаламын ба?
Жауап беру
Б
Балмира 10.11.2021
Укиметтен аласыз уй кезегине турыңыз
Жауап беру
Г
Гулнурзат 08.11.2021
Мен коп балалы анамын.Мен калай ипотекага патер ала аламын.
Жауап беру
Ж
Жадыра 09.11.2021
Бакытты отбасы бағдарламасы
Жауап беру
Б
Бектемирова Айсулу 08.11.2021
Ипотекага кепилсиз,яғни кепилге баска адамды койсмай 1миллион куйыр баспана алуға боладыма
Жауап беру
Ш
Шара 08.11.2021
Менде Алматы қаласынан уй алғым келеді, балам студент, квартираға ай сайын ақша төлегеннен деп ойлаймын, бірақ оған бірінші ақша салу керек шығар, ондай ақша болмай тұр, не істесем деп ойлаймын?
Жауап беру
Г
Галия 28.08.2021
Толык отбасы жастары 30 бен 40 арасындагыларга нормально тарифы барма не жас семяга жатпайт не женилдикжок
Жауап беру
С
Сауле 28.08.2021
Касиьиниз болса Умай программасымен алсаныз болады
Жауап беру
Х
Халима 28.08.2021
Ипотеканың пайызы өте үлкен .Өз басымнан өткен жағдайды айтайын.Осы жылы мамыр айында 20%құйып 2бөлмелі 25млн--ға 15жыл мерзімге бөліпүй алмақшы болғанмын.Сол кезде15жылда мен 85млн төлеуім керек екен.НЕ ДЕГЕН СҰМДЫҚ БҰЛ???
Жауап беру
А
Айым 29.08.2021
35 болар?
Жауап беру
N
NurJAN 08.11.2021
Қазақстанда ипотекамен үй алу тиімсіз проценті көп және үй қымбат. Амал жоқ үйі жоқтар алады. Несие мен ипотеканың процентін түсірсе боладығой. Халықты ойлайтын билік жоқ.
Жауап беру
М
Мықтыбек 28.08.2021
15жылда неткен жоғары пайыздық өсім,баспанасыз отбасылар үшін жеңілдіктер жасалса тиімді болар еды.
Жауап беру
М
Мақпал 28.08.2021
Өте дұрыс көтерілір отырған мәселе. Мысалы қаладан алғым келеді үйді. Бірақ сол прописка сұрайды. Бір Қазақстанда иұрамыз ғой сол прописка сәселесін алып тастаса ооо онда кермет еді жағдайы шамасы бар адам онда қаладаг спокойно үй алар едіді
Жауап беру
Б
Балжан 27.08.2021
Министирлерге салемдеме аитынызшы отиниш ипатека алатын адамнан я болмаса жас отбасы багдарламасына катысаин десен калалык прописка сураиды уиы жок адам каида прапискага турады биреуге жалдаин десен аи саин 60мын сураиды сол жагын кишкене женилдетип берсе
Жауап беру
р
райхан 27.08.2021
шнайы айтлған қосламын
Жауап беру
Н
Назгуль 27.08.2021
Журек дауламайды осы ипотекага))) уй салып алайын деген ой керисинше куш куат береди. Ипотекага тек балалар ушин 1_2 болмели аламыз. Жалпы отбасылы адамга кала сыртындагы жер уй дурыс екен.
Жауап беру
Б
Балнур 26.08.2021
Жасым 34 те 3 патеримиз бар 2еуи ипотека да, 1еуин төлеп аяқтадық. Корыкпау керек. Балалардың болашағы ушин көп еңбектенген дұрыс
Жауап беру
К
Кали 26.08.2021
Кандай банктен алган жаксы екен
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл