Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Кәсіпкерлер қызметін интернетсіз жалғастыра алады
Жаңалықтар

Кәсіпкерлер қызметін интернетсіз жалғастыра алады

11.01.2022
1 мин
0
1382

Қазақстан кәсіпкерлері жұмысын жалғастыру үшін іскерлер платформасы интернетсіз қолжетімді болды.

"Қазақтелеком" кәсіпкерлер төтенше жағдай кезінде қызметін жалғастыру үшін Ismet.kz порталын интернетсіз қолжетімді етті.

"Қазақстан кәсіпкерлері барлық қажетті операцияны әдеттегідей жүзеге асыра алады, сондай-ақ қажет болған жағдайда Ismet.kz порталы арқылы өтініш толтырып, байланыс қызметтері үшін төлемдерді уақытша тоқтатып немесе кейінге қалдыра алады", - деп хабарлады "Қазақтелеком".

Сонымен қатар порталда шағын және орта бизнес субъектілері үшін "Қазақтелеком" АҚ байланыс қызметтерін қосу және ақауларды жоюға өтінім беру үшін онлайн қызмет жұмыс істеп тұр.

Айта кетері, Қазақстанда тәртіпсіздікке байланысты бірнеше күннен бері интернетке қосылу қиындады. Бұған дейін мемлекет басшысы қазақстандықтарға үндеуінде жағдайдың тұрақталғанына қарай еліміздің кейбір өңірлерінде интернет байланысы белгілі бір уақыттарда қосылатынын мәлімдеді.

Интернетке еркіндік берілгенімен ойына келгенді жазуға, жалған ақпарат таратуға, біреуге тіл тигізуге, арандатушылыққа жол берілмейтіні ескертілді. Ондай материалдар шықса, авторларын тауып, жауапкершілікке тарту шаралары қабылданады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл