Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Келесі жылы 5,1 млн қазақстандықтың табысы артады – Тоқаев бюджетке қол қойды
Жаңалықтар

Келесі жылы 5,1 млн қазақстандықтың табысы артады – Тоқаев бюджетке қол қойды

03.12.2021
1 мин
4
861

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Ең төмен жалақы қалай өзгереді

Қабылданған заңға сәйкес, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төмен жалақы 60 мың теңгені құрайды. Салыстыру үшін айтсақ, 2021 жылы ең төмен жалақы 42 500 теңгені құрады.

Бұған дейін еңбек министрлігінде хабарлағандай, ең төмен жалақыны арттыру экономиканың барлық саласында жұмыс істейтін 1,6 миллион адамның табысының өсуін қамтамасыз етеді.

"Ең алдымен, ең төмен жалақының көтерілуі "айлығы өте аз" жұмысшыларға қатысты болады. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ең төмен жалақы көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер де жұмысшылардың басқа санаттарының жалақысын да қайта қарайды", - деп түсіндірді ведомствода.

АЕК немесе айлық есептік көрсеткіш (оны жәрдемақы, айыппұл, салық және басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданады) 3 063 теңгені құрайды. 2021 жылы ол 2 917 теңге деңгейінде тұр.

Күнкөріс минимумының көлемі (базалық әлеуметтік төлемдердің көлемін есептеу үшін қолданылады) 36 018 теңгені құрайды. Бұл жылы оның көлемі 34 302 теңге болып отыр.

Зейнетақы қалай өзгереді

Мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі көлемі 2022 жылы 19 450 теңге шегінде белгіленген. Биыл бұл көрсеткіш 18 524 теңге болып отыр.

Келесі жылы зейнетақының төмен көлемі 46 302 теңге болады. Салыстыру үшін айтсақ, 2021 жылы ол 43 272 теңге болды.

Еңбек министрлігі ұсынған ақпарат бойынша, осы аталғандардың нәтижесінде келесі жылы мемлекеттік бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы алатын 5,1 миллион қазақстандықтың кірісі артады.

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
4 Пікір
А
Айгерім 04.12.2021
7000 тг ұн 10000тг сұйық май 5000тг 1п чай 1000тг болғанда қосқан ақша осы болса білмеймін
Жауап беру
М
Майра 03.12.2021
5теңге қосқанын неге жариялайды,12 500қосып 60 000болғанда бірдеме өзгереме,ештеңе өзгермейді,бір 12 500қосыпты,12 500тұтынатын нәрсе қымбаттап отыр,12,5%ға
Жауап беру
Ж
Жадыра 03.12.2021
Алтын алқа иегері сегіз бала босандым. Біреуі жастан кете шетіненді. Маған үкіметтен қандай көмек, жеңілдіктер бар.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл