Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Коллекторлар енді борышкерлерге қысым көрсете алмайды
Жаңалықтар

Коллекторлар енді борышкерлерге қысым көрсете алмайды

29.04.2021
1 мин
0
1534

Елімізде несиеге қатысты қабылғандан заңға сәйкес енді агенттікке тіркелмеген коллекторлар қарыз алушыларға бөгде тұлғаның байланыс нөмірі арқылы хабарласуына тыйым салынды.  

Жаңа түзетуге сәйкес агенттіктер борышкермен сөйлесу барысында бейне және аудио жазба жүргізуге міндеттеледі. Бұл өзгеріс қарыз алушының құқығын толығымен сақтап, коллектор тарапынан заңды бұзу мен дөрекі сөйлеудің алдын алады.  

Сондай-ақ, құжат барысында несие тарихы нашар азаматтарға аса қажет болған жағдайда жаңа несие алуға мүмкіндік беру жағдайы қарастырылған. Бұрын ондай тарихты сақтау мерзімі 10 жыл болса, қазіргі кезде түзетулерге сәйкес бұл мерзім 5 жылға дейін қысқартылады.

«Қазақстандықтардың несие тарихын сақтау мерзімі маңызды болып отыр. Банктер өткен 10 жылда қарыз төлемдерінің мерзімін өтей алмаған адамдарға несие рәсімдеуден бас тартады.  Сол себепті несие тарихының сақтау мерзімін 10 жылдан 5 жылға дейін қысқарту -  жиыны 490 мыңға жуық азаматтың қайта несие алуына мүмкіндік береді», - деді сенатор Ольга Перепечина.

Заң бойынша банк пен шағын несиеде берешектерді сотқа дейін реттеу тетіктері де жетілдірілді. Енді мерзімі өткен несие бойынша берешекті реттеудің бірыңғай құқықтық тәртібі көзделіп отыр, ол банктердің қарыздарына ғана емес, микроқаржы ұйымдарының несиелеріне де қолданылады. Сондай-ақ, қарыз алушылардың кредиторларға өтініштерін қарау мерзімі 180 күннен 90 күнге дейін қысқартылды.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл