Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Кредиттік" алаяқ алматылықтарды 5 миллион теңгеге алдап соқты

04.09.2021
1 мин
0
1103

Aлаяқ алматылықтарды 5 миллион теңгеге алдап соққан, деп хабарлайды Dauletten.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласы Түрксіб ауданының полициясы хабарлағандай, бұл жолы Маңғыстау облысының 23 жастағы тұрғыны қылмысты болды. Қылмыскерге Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Азамат өзінің "схемасы" бойынша жұмыс істеген – ол адамдардың сеніміне ие болып, оларды телефондарды, скутерлерді және басқа да оңай сатылатын техниканы несиеге алуға көндіреді және қарызды өзі төлейтінін айтады. Техникаға қол жеткізген ол затты ломбард мекемелеріне өткізіп, тиісті ақшаны алып белгісіз бағытқа жоғалып кеткен. Ал оған сенген адамдар мойнына алған несиелерімен бірге қалып қойған. Қазіргі уақытта тергеу 5 қылмыстық эпизодты дәлелдеді. Жалпы материалдық залал 5 миллион теңгеден асады", – деді Түрксіб өңірлік полиция бөлімінің бастығы Мейірхан Жаңабаев.

Полицияның мәліметінше, күдікті ұсталып, қамауға алынған. Прокуратура "қамауда ұстау" түріндегі тергеу мерзіміне бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішті қолдады. 

“Біз бұл адамның қылмыстық әрекетін ескере отырып, оның құрбандары көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Осыған байланысты, аталған қылмыскердің алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефондар арқылы біздің бөлімге хабарласуға шақырамыз: 298-54-62; 298-54-60; 298-54-65 и 8-747-456-990", – деп қорытындылады Жаңабаев.

 

Сіз зат сатып алар алдында қандай төлем түрін қолданасыз?
2525 адам
Төлем картасы 0%
Қолма-қол ақша 0%
Интернет-банкинг 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл