Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2021 жылы 1 млн 200 мың азамат жұмыспен қамтылмақ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамту бойынша қабылданып жатқан шаралар жайлы айтты.
«Ағымдағы жылы 1 млн 200 мың қазақстандықты жұмыспен қамту шараларын қолға алуды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде 700 мың адамды "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасымен, 32 мың адамды – жұмыспен қамту жол картасымен, 440 мың адамды – өзге де мемлекеттік бағдарламалармен қамтимыз", - деді ол.
Оның айтуынша, азаматтардың еңбекақысын 10%-ке, яғни 221 мың теңгеге дейін өсіру жоспарланған. Сондай-ақ, жұмыссыздық деңгейі 4,9%-тен аспайды деген болжам бар.
Ол "Еңбек" бағдарламасы бойынша қамтылатын 227 мың адамға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің түрлі шаралары көрсетілетінін атап өтті. Олар үш бағыт бойынша жүреді.
Біріншісі, қысқа мерзімді оқытуға, техникалық және кәсіби білім алуға 36 мың адам жіберіледі. Бүгінде 2 мың адам қысқа мерзімді курстарға қатысып жатыр.
Екіншісі, "Бастау" бизнес жобасы бойынша 10 500 адамды бизнес дағдыларына оқыту басталды. Жыл соңына дейін 30 мың адам оқытылады.
"Оған қажет қаражат пен ресурстар толық қарастырылған. Биыл өзі үшін ашуға және кеңейту үшін 5 мың микрокредит пен 21 мың грант беріледі", деді министр.
Үшінші бағыт бойынша субсидияланатын жұмыс орындары есебінен еңбек нарығына бейімделу бойынша 128 мың адамға және 7 мың адамның өз еркімен көшуіне қолдау көрсетіледі.
Тағы көру