Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мобильді аударым дерегі салық органдарына 2025 жылға дейін берілмейді
Жаңалықтар

Мобильді аударым дерегі салық органдарына 2025 жылға дейін берілмейді

04.12.2021
1 мин
0
1171

2025 жылға дейін Қазақстандықтардың мобильді аударымдары туралы дерексалық органдарына берілмейді. Ал елімізде жеке кәсіпкерлер 2023 жылға дейін салық төлеуден босатылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Халық алдында кеңінен талқылауға түскен тақырыптың нүктесі қойылды. Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылға дейін жеке деректерге қол жеткізу мүмкін болмайтынын айьты. Демек бұрынғыдай жеке тұлғалар арасындағы аударымдарға салық салынбайды. Оған қоса жеке тұлғалардың деректері Мемлекеттік кірістер комитетіне берілмейді. 

Өйткен бұл ақпараттың барлығы банк құпиясы болып саналады. Қазақстандықтар бұрынғыдай шектеусіз аударым жасап, қабылдай алады. 

Парламент сайтында жарияланған заң жобасына келсек, жеке тұлғаларға қатысты мәліметтерді беру жалпыға бірдей декларацияны енгізуге сай келеді және бұл 2025 жылдан басталады. 

Бұл ретте жеке кәсіпкерлерге алаңдауға еш негіз жоқ. Өйткені олар 2023 жылға дейін салық төлеуден босатылған. 

"Барлық мәлімет мемлекеттік кіріс органдарына беріледі деген ақпарат –  негізсіз. Сондықтан алаңдауға ешқандай негіз жоқ. Сондықтан жеке аударымдарға салық салынбайды. Еске салып өтерлігі, бұл қабылданған мораторий аясында жеке кәсіпкерлер 2023 жылдың басына дейін салық төлеуден босатылған", - дейді қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл