Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден төленеді
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден төленеді

28.04.2021
1 мин
4
1204

Елорда әкімдігі Жеңіс күніне орай ардагерлерге қанша теңге біржолғы төлем төленетінін айтты.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, елордада 25 ҰОС ардагері тұрады. Оларға биыл 9 мамырға орай 1 миллион теңге төленеді.

Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер 102 095 теңге (35 АЕК) алады.

Бұл санатқа ҰОС кезінде қызмет еткен әскери қызметкерлер; фашистік Германияға қарсы соғыс қимылдарына қатысқан адамдар; Ленинград қаласындағы блокада кезінде жұмыс істеген азаматтар; концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар; әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты балалары жатады. Барлығы –  415 адам.

Сонымен қатар, тыл ардагерлері, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектерінің әйелі, еңбек ардагерлеріне 32 087 теңге (11 АЕК) беріледі.

Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 708 адамға 58 340 теңге (20 АЕК) төленеді.

Нұр-Сұлтан әкімдігі осы жылы барлығы 3 843 адамға 195 159 583 теңге төлеу жоспарлап отыр.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
4 Пікір
Р
Руман 28.04.2021
Менің әкем улысоғысының ардагері соғыста алған жарақатының кесірінен қаитыс болып кетті анамда қаитыс болған
Жауап беру
А
Аия 28.04.2021
Ауған согысына барып келгендерге берілеме екен
Жауап беру
А
Аия 28.04.2021
Ауған согысына барып келгендерге берілеме екен
Жауап беру
Г
Гулжанат Айкинбекова 28.04.2021
Соғыс ардагерлерінің барлығы қайтыс болған соң ба 1 млн береміз деп отырғандары
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл