Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Пәтерді жалға берушілерге ескерту жасалды
Жаңалықтар

Пәтерді жалға берушілерге ескерту жасалды

12.10.2020
1 мин
0
2881

Шетел азаматы Қазақстанға келіп, жалға алынған үйде есірткі өндірісімен айналысқаны мәлім болды. Үйді жалға берген азаматтарға Ішкі істер министрлігі тарапынан ескерту жасалды.

Министрлікке қарасты Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Әмірханов оқиғаның Қарағанды облысында орын алғанын айтты. Көрші елден келген күдікті құзырлы органдардан Қазақстанда тұруға рұқсат алып, жалға алынған жеке меншік үйде синтетикалық есірткі жасаумен айналысқан.

Оқиға орнынан 750 грамм дайын күйіндегі синтетикалық есірткі тәркіленіп, барлығы 5-6 келі салмақты құрайтын есірткі заты, есірткіні өндіруге қажет құрал-жабдықтар табылған. Есірткінің бір грамы 15 мың теңге тұратынын ескерсек, тәркіленген заттың жалпы құны 76 миллион теңгені құрайды.    

Осыған байланысты Бақытжан Әмірханов жеке меншік үйлер мен пәтерлерді жалға берушілерді күдік туғызатын заттар мен құрал-жабдықтарды байқаған жағдайда бірден полицияға хабар беруге шақырды.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл