Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Павлодар облысында 21 әкімге айыппұл салынды
Жаңалықтар

Павлодар облысында 21 әкімге айыппұл салынды

13.08.2021
1 мин
1
744

Павлодар облысында жолдың сапасы нашар болғаны үшін ауыл әкімдері жазаланды.

Енді ауыл және ауылдық округтегі 21 әкім 4 миллион теңгеден астам айыппұл төлейді, деп хабарлады жергілікті Pavlodarnews.kz.

Облыстың полиция департаменті жол апатының алдын алу, жолдарда жарақат алу және өлім-жітімді азайту үшін жалпыға ортақ жолдарға тексеру жүргізген. Соның нәтижесінде 140 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Павлодар облысының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 5 441,1 шақырым. Жыл басынан бері автожолдарға 890 зерттеу жүргізілді, 2 027 ақау анықталды. 140 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 21 ауыл және ауылдық округ әкімі жазаланды", – деді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұржан Таңатаров.

Полицияның хабарлауынша, 18 әкім әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңның 630, 631 және 632-баптары ("жол, жерасты коммуникацияларды қарау құдықтарын күтіп-ұстау жөніндегі талапарды орындамау") бойынша, тағы 3 әкім әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңның 420-бабы ("жабайы сораны жоюға шара қолданбау") бойынша жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 4 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
Г
Гулзат 13.08.2021
Салсын аямасын
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл