Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Президент үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды
Жаңалықтар

Президент үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды

03.12.2020
1 мин
0
1571

Қазақстан президенті "2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Бұған дейін сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сыртқы нарықтардағы күрделі жағдай ескеріліп, дағдарысқа қарсы кешенді шараларды қаржыландыру жалғасады деп мәлімдеді. Басым бағыт – алдағы үш жылда азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешу. Осылайша 2021 жылы бюджет шығыстарының 50% -тен астамы әлеуметтік салаға бөлінеді, деді спикер.

Ал ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ЖІӨ-нің нақты өсімі 2021 жылы 2,8%, 2022 жылы 3,7% және 2023 жылы 4,6% деңгейінде болжанып отырғанын хабарлады.

Мұнай бағасы консервативті тәсіл ескеріле отырып, 2021-2023 жылдары барреліне 35 доллар деңгейінде белгіленді.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметті бойынша республикалық бюджетке (трансферттерді қоспағанда) 2021 жылы 6,9 триллион теңге, 2022 жылы 8,5 триллион теңге және 2023 жылы 9,2 триллион теңге кіріс кіреді.

Президент бұған дейін  "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 – 2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңға қол қойды.

Заңда Ұлттық қордан 2021 жылы – 2 триллион 700 миллиард теңге, 2022 жылы –  2 триллион 400 миллиард теңге, 2023 жылы – 2 триллион 200 миллиард теңге кепілдендірілген трансферт бөлу көзделген.

Сондай-ақ, құжат кепілдендірілген трансфертті пайдаланудың нысаналы бағытын айқындайды. Осы қаражат республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағытталады.

Кепілдендірілген трансферт бөлінгеннен кейін Ұлттық қордағы қаражат жалпы ішкі өнімнің 30% мөлшерінен төмендемейді. 


 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл