Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан биыл 15,4 трлн теңге инвестиция тартпақ
Жаңалықтар

Қазақстан биыл 15,4 трлн теңге инвестиция тартпақ

17.02.2021
1 мин
3
904

Қазақстан биыл 15,4 трлн теңге сомаға инвестиция тартпақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты.

«Мемлекет басшысы қойған мақсаттарды және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын ескере отырып, 2021 жылы қол жеткізу қажет нысаналы индикаторлар айқындалды. Ең алдымен, осы жылы экономиканың өсімін 3 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр. Осы мақсатта әрбір сала мен өңір үшін нысаналы параметрлер айқындалды. Сондай-ақ, басты міндеттердің бірі — 2021 жылы 15,4 трлн теңге сомаға инвестиция тарту болып саналады. Бұл инвестицияны жалпы ішкі өнімнің 20 пайызы деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді Әсет Ерғалиев.

Оның айтуынша, орталық және жергілікті атқарушы органдар сыртқы және ішкі инвестиция тарту бойынша үйлестірілген жұмыс жүргізуі қажет.

«Қойылған міндеттерді іске асыру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар 2021 жылы экономиканы дамытудың мынадай факторларға назар аудару ұсынылады. Бірінші, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету аясында мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру және салықтық-кедендік әкімшілендіруді жақсарту бойынша шаралар қабылдау қажет. Екінші, жаңа инвестициялық циклды қалыптастыру экономиканың қалпына келтіру мен одан әрі сапалы дамуының базалық шарты болып саналады. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ ұлттық компаниялар сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту бойынша үйлестірілген жұмыс жүргізуі қажет», — деді Ерғалиев.

Оның атап өтуінше, үшіншіден, шағын және орта бизнес жұмыс орындарын құру және халықтың табысын арттырудың негізгі көзі болып саналады. 

Осыған байланысты қолжетімді кредитпен қамтамасыз ету жалғасады. 

Жүйе мәселелерін шешу аясында қайта реттеу, жекешелендіру және бәсекелестікті дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады. 

«Төртінші, кейінгі үрдістер экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін базалық импортқа тәуелділікті төмендету және ішкі сұраныстың әлеуетін пайдалану қажеттілігін көрсетті. Бесінші, жүргізіліп жатқан контрциклді макроэкономикалық саясат аясында сапалы инфрақұрылымды белсенді дамыту қажет. Бұл қосымша жұмыс орындарын құруға және іскерлік белсенділікті ынталандыруға, сондай-ақ экономикалық өсу потециалының ұлғаюына мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, іскерлік белсенділікті қолдау бойынша шұғыл шараларды уақытылы іске асыру, сондай-ақ құрылымдық және институционалдық реформаларды жүргізу экономиканың болашақтағы тұрақты және сапалы дамуына қажетті негіз болады», — деді Ерғалиев.

Сонымен қатар, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев биылғы қаңтардағы мемлекеттік бюджеттің атқарылу көрсеткіштері мен қаржылық жағдайды баяндады.

«Мемлекеттік бюджетке 526 млрд теңге сомасында кіріс түсті немесе жоспар 116,1 пайызға атқарылды. Республикалық бюджетке 288 млрд теңге сомасында кіріс түсті немесе жоспар 90 пайызға атқарылды. Кірістер бойынша жоспар 32 млрд теңгеге орындалмады», — деді министр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
3 Пікір
М
Манзура 17.02.2021
Ренжімеңізші.Бірақ та қаржылық тілмен жазылңан соң баа?? Екі қайтара оқысамда ештеңе түсіне алмадым.Оған сізді кінәлап отырғаным жоқ.Өзіме жыным келіп отыр
Жауап беру
Л
Ләззәт 17.02.2021
+77000838000
Жауап беру
Л
Лязат 17.02.2021
Пильмен манты кондитьер уйде ашсамба деп ойлап план сызудамын
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл