Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан Covid-19-бен күресу үшін 1,5 млрд еуро несие алғалы жатыр
Жаңалықтар

Қазақстан Covid-19-бен күресу үшін 1,5 млрд еуро несие алғалы жатыр

24.11.2020
1 мин
5
1055

Қазақстан коронавирус инфекциясымен күресу үшін Азия даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен несие алады.

Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы 908 миллион 596 мың еуро көлемінде несиелік келісімге қол қойылды. Несие 2021 жылғы бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталған. Бұл қаражат Үкіметтің Ковид-19 пандемиясының салдарымен күресу және экономиканы қалпына келтіру жөніндегі шараларын қолдауға көмектеседі, деп мәлімдеді ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысында.

454 миллион 298 мың еуро көлеміндегі несиенің бір бөлігін Қазақстан үш жылдық жеңілдік кезеңімен қоса 10 жыл ішінде төлеуі керек. 454 миллион 298 мың еуро көлеміндегі қалған қарызды үш жылдық жеңілдікті кезеңді қосқанда бес жылға беріледі.

Азиялық инфрақұрылымдық инвестиция банкімен екінші келісім 661 миллион 800 мың еуроға жасалды. Бұл қаражат та 2021 жылғы бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға және Үкіметтің Covid-19-ға қарсы шараларын қолдауға жұмсалады. Несие үш жылдық жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 10 жыл мерзімімен беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі - Euribor + 0,50%, деп мәлімдеді Қаржы министрі.

Тартылған несиелерге қызмет көрсетуді және оларды өтеуді Қаржы министрлігі келісімдерде белгіленген қаржылық жағдайларға сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

Дереккөз: Zakon.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
5 Пікір
А
Айнұр 24.11.2020
Өздері төлесе қалталарынан ала берсін. Халықты итше қанамай. Азық түлікпен
Жауап беру
А
Асель 24.11.2020
Мен айтамда шет елден қарызға сонша ақша аладыда. Анау мұз қалашығын соғуға деп алынатын ақшаны сол емдомға неге жаратпайды еке а
Жауап беру
S
Saxiba 24.11.2020
Көшіп кетеміз ау басқа елге.
Жауап беру
А
Алия 24.11.2020
Жымкырады деген создерды армансыз еститын болдыккой
Жауап беру
Ж
Жомарт 24.11.2020
Бары жетысып ,сол калган еды'
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл