Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда 1 қазаннан бастап не өзгереді
Жаңалықтар

Қазақстанда 1 қазаннан бастап не өзгереді

01.10.2021
1 мин
2
2074

Бүгін, бірінші қазаннан бастап Қазақстанда бірқатар жаңашылдық күшіне енеді. Толығырақ Sputnik Қазақстан шолуынан оқыңыз.

Енді дәрігерлерге "ковидтік" үстемеақы төленбейді

Бірінші тамыздан бастап коронавируспен күреске тартылған дәрігерлердің үстемеақысы екі есеге қысқарған болатын.

Бұған дейін оларға "ковидтік" үстемеақы 212 мыңнан 850 мың теңгеге дейін төленсе, 1 тамыздан 1 қазанға дейін тек жартысы ғана берілді.

Ал енді 1 қазаннан бастап үстемеақы мүлде тоқтатылады. Бірақ дәрігерлерді ынталандыру жаңа ереже бойынша жүргізіледі. Олар елдегі эпидемиологиялық жағдайға тәуелді болмайды.

Еске салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия басталғалы бері төленіп келген үстемеақы уақытша норма екенін атап өтті. Мемлекет басшысы вакциналау көрсеткіші артқан сайын дәрігерлерге берілетін үстемеақыны ынталандырудың басқа шараларымен алмастыру қажет деп санайды.

Денсаулық сақтау министрлігі кейбір медицина қызметкерлеріне психоэмоционалдық төлем жасауды ұсынды.

Ипотекалық қарыз тоқтатылады

1 қазаннан бастап "Орда" ипотекалық бағдарламасы қарыз беруді тоқтатады. Оған қаржыландыру лимитінің асып кетуі себеп.

Жыл сайын бағдарлама жоспарлы түрде 13,8 миллиард теңгеге қаржыландырылады. Оны "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.

"Орда" бағдарламасы үш жыл бұрын іске қосылды. Бұл бағдарлама бойынша жылдық 12% (табысты толық растау) және 14% (табысты ішінара растау) мөлшерлемемен жаңа және қолданыстағы үйлерді сатып алуға ипотекалық қарыз беріліп келді. Бастапқы жарна тұрғын үй құнының 30%-і немесе оны қосымша кепілмен алмастыру мүмкіндігі бар еді. Кредит мерзімі – 20 жылға дейін.

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары үшін 1 миллионнан 65 миллион теңгеге дейін, ал басқа өңірлер үшін 1-ден 45 миллион теңгеге дейін қарыз берілді.

Санақшылар үй-үйді аралайды

Ұлттық халық санағы биыл 1 қыркүйекте басталып, 30 қазанға дейін жалғасады. 15 қазанға дейінгі қазақстандықтар sanaq.gov.kz сайтында онлайн режимде халық санағынан өте алады. Сайт 24 сағат бойы жұмыс істейді.

Бүгінде 6 миллионнан астам азамат онлайн санақтан өтіп қойған. Өңірлер арасында Түркістан мен Алматы облыстары көш бастап келеді.

Бүгін, 1 қазаннан бастап айдың соңына дейін санақшылар үй-үйді аралайды. Онлайн санақтан өтпеген азаматтар осы аралықта интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады. Бұл жағдайда барлық санитарлық талап сақталады. Сондай-ақ интервьюерлер санақ кезінде электронды планшет пайдаланады.

Биылғы халық санағында 91 сұрақ бар. Алайда бұл азаматтар сауалдың барлығына жауап береді дегенді білдірмейді. Себебі санақ парақтарында шетелге кеткен немесе елге келген адамдарға, тек қана әйелдерге қойылатын сұрақтар бар. Сондай-ақ үйдің жағдайына қатысты сауалдарға тек үйдің иесі жауап береді.

Бұдан бөлек, "Шетелге көшу жоспарыңызда бар ма?" деген сұрақ қосылды. Ол халықаралық ұйымдардың талабы бойынша әлемдегі көші-қон процестерін білу үшін енгізілген. Бұдан бөлек жұмыспен қамту, неке, тілдерді меңгеру, табыс көздері, мүгедектік, діни қөзқарасы туралы сұрақтар бар. Орташа есеппен санақ сауалдарына жауап беруге 20-25 минут қажет.

Барлық сұрақ бойынша 1446 нөмірі арқылы call-орталыққа хабарласуға болады. Ол тәулік бойы істейді. Қоңырау шалу тегін.

Павлодар мұнай-өңдеу зауыты тоқтатылады

Бірінші қазанда Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары басталады. Сол кезеңде зауыт жұмысын тоқтатады.

Жөндеу жұмыстары барлық технологиялық құрылғыларда жүргізіледі. Жөндеу қазанның соңына дейін аяқталып, зауыт толыққанды жұмыс істеуге көшеді деп жоспарланған.

Зауыт жұмысы тоқтаған уақытта өзге қазақстандық мұнай өңдеу кәсіпорындары (Атырау мен Шымкенттегі зауыт) күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Павлодар зауытының уақытша тоқтатылуы республика бойынша дизель отыны балансына әсер ететінін мәлімдеді.

Қазірдің өзінде елде дизель отыны тапшылығы байқалып отыр.

"Біз зауыттардың өндірісін ұлғайтып, Павлодар зауытының күрделі жөндеуіне дейін жеткілікті қор жинап аламыз деп ойладық. Өкінішке қарай, дизель отынына сұраныс өскен соң, 210 мың тонна ғана қор қалды – бұл шамамен 11-12 күнге жетеді", - деген болатын Мағауов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осыған байланысты Қазақстан 100 мың тоннаға жуық дизель отынын Ресейден импорттауды жоспарлап отыр. Ресеймен бұл мәселе бойынша келіссөз жүргізіліп, тиісті уағдаластыққа қол жеткізілді.

Дизель отынының тапшылығына баға айырмашылығы әсер еткен. Қазақстан мен Ресейдегі дизель отынының бағасы бірдей емес, айырмашылығы – 90 теңге. Қырғызстан мен Өзбекстанда 70-80 теңгеге қымбат. Сол себепті жүк көліктері оны Қазақстаннан құйып алуға тырысады.

Еске салсақ, 2018 жылдан бері мұнай өңдеу зауыттарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ.

Павлодар мұнай-химия зауыты мұнай өнімдерінің бірнеше түрін өндіреді. Олардың қатарында түрлі маркалы автокөлік бензині, дизельдік отын, реактивті отын, техникалық күкірт, битумның бірнеше түрі, мұнай коксі, техникалық көміртек өндіруге арналған шикізат бар.

Өскемен әуежайы іске қосылады

Жергілікті билік әуе айлағы бірінші қазанда ашылатынын мәлімдеді. Ауқымды жөндеу жұмыстарынан кейін әуежайда жаңа ұшу-қону жолағы пайда болады.

Әуежай мамыр айынан бастап реконструкцияға жабылған болатын. Жолаушыларға жақын маңдағы Семей қаласына ұшақпен жетіп, кейін такси немесе басқа көлікпен Өскеменге баруға тура келді.

Соңғы рет Өскемен әуежайы 1996 жылы жаңғыртылған.

Қазақстан аумағынан автокөліктерді шығару

Қазақстанда көлік иелеріне шетелдік есепте тұрған темір тұлпарын ел аумағынан шығаруға берілген мерзім аяқталды.

Заңнамаға сәйкес, шетелдіктер жеке мақсаты үшін Қазақстанға уақытша өз көлігін кіргізіп, бір жыл бойы ешқандай кеден бажын төлемей жүре алады.

Пандемияға байланысты автокөлік жүргізушілеріне жеңілдік жасалып, ел аумағынан шығару мерзімі 30 қыркүйекке дейін ұзартылды. Өйткені карантиннен шекара жабылғандықтан, азаматтар өз көлігін уақытында әкетіп үлгермеген еді.

Ел аумағынан шығып үлгермеген автокөлік айыппұл тұрағына қойылады. Заңға сәйкес, мұндай жағдайда көлік иесі салықшылар есептеп берген барлық кеден төлемін төлеуге міндеттеледі. 30 қыркүйектен кейін салықшылар жол сақшыларымен бірігіп, мерзімі өткен көліктерді анықтауға кіріседі.

Qatar Airways Қазақстанға әуе рейстерін ашады

15 қазаннан бастап Доха және Алматы қалалары арасында Катардан Қазақстанға тұрақты рейстер орындалады. А-320 үлгісіндегі ұшақ дүйсенбі және жұма күндері аптасына 2 рейс жасайды деп жоспарланған.

Ұшу барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады. Ұшақ кестесі әуе компания сайтында жарияланады. 

Айта кетері, 2020 жылдың басында Қазақстан мен Катар елге кіріп-шығу үшін визасыз режим орнатты.

Жаңа мереке

Жуырда елдің мерекелік күндер тізбесі тағы бір айтулы датамен толықты. 1 қазан – Радио күні болып бекітілді. Енді қазақстандықтар жыл сайын қазан айының бірінші күні осы мейрамды атап өтеді.

Биыл жазда президент Қасым-Жомарт Тоқаев радио қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоқ екеніне назар аударған болатын. Мемлекет басшысы Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекітуді ұсынды.

Алматы әуежайында тексеріс күшейеді

Бүгіннен бастап Алматы халықаралық әуежайында тексеріс күшейеді.

Қазақстан авиация әкімшілігінің нұсқауымен жедел-профилактикалық шаралардың өткізілуіне байланысты Алматы әуежайында қауіпсіздікті күшейту шаралары енгізілмек. Атап айтқанда, терминалға кіреберісте қосымша тексеріс линиясы қойылады.

Кезек күтіп, рейске кешігіп қалмас үшін жолаушыларға ертерек келуге кеңес берді.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
2 Пікір
А
Асел 02.10.2021
Санақ дурыс емес сұрақтары электронды форматы сұрақтары қайдағы жоқ сұрақтар неге дұрыстап қоймайды сұрақтары.Өтірік саll цент жумыс жасайды дейді өтірік бәрі соққан алмайды тұратын бәлен сағат.
Жауап беру
М
Мурат 01.10.2021
Қазақстан Республикасы жасасын
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл