Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда баспана қымбаттауы мүмкін: шұғыл жиналыс өтті
Жаңалықтар

Қазақстанда баспана қымбаттауы мүмкін: шұғыл жиналыс өтті

04.06.2021
1 мин
0
1840

Қазақстанда жаңа салынған пәтерлер 25-30%-ке қымбаттауы мүмкін. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы комитетінің алаңында өткен шұғыл жиналыста бағаның не себепті өсуі мүмкін екені айтылды.

"Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева құрылыс материалдарының бағасы күрт өскенін мәлімдеді.

Құрылысшылардың ақпаратынша, наурыз-сәуірде арматура тоннасына 198 мыңнан 430-480 мың теңгеге, цемент 16,5 мыңнан 32 мың теңгеге дейін, кірпіш, газоблок, қадалар 30-60%-ке, битум 45-60%-ке қымбаттады.

Осыған байланысты үйлердің бағасы 25-30%-ке өсуі мүмкін, деді Якупбаева құрылыс ұйымдарының есептеулеріне сілтеме жасап.

Енді нысандардың құрылысын қалай аяқтау мәселесі туындап отыр, деп жазды ол Facebook-те.

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында шаршы метр бағасы шектеулі, мемлекеттік сатып алу нысандары бойынша жобалық-сметалық құжаттама сараптамадан өтті, деп түсіндірді Якупбаева.

Оның айтуынша, елде бағаның күрт өсуін дер кезінде бақылауға алуға мүмкіндік беретін құрылыс материалдары бағасының цифрлық реестрі жоқ.

Бұрынғы бағамен көрсетілген ескі жобалық-сметалық құжаттама, кадрлық дисбаланс та өзекті проблемалардың бірі, деп жазды Якупбаева.

"Жылдар бойы шешілмей келе жатқан проблемалармен салыстырғанда, "құрылысты арзандатудағы жеңіс – теңізге тамған тамшыдай. Бұған тұрғын үй құрылысын қолдау бағдарламаларын қысқарту жоспары да қосылады. Бұған қоса, несие мөлшерлемесі де нарықтағы деңгейге дейін өседі", - деді ол.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тиісті есептеулер мен ұсыныстарды әзірлеп, үкіметке жолдайды.

 


 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл