Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2021 жылдың шілдесінде АИ-92 құны 14,8%-ке өсті.
Статистикаға сүйенсек, осы жылдың шілде айында Қазақстанда бензиннің бұл түрі литріне 173,05 теңгеден сатылған. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 14,8%-ке артық. Бір ай ішінде жанармай бағасы 0,9%-ке өсті. Бұл ретте АИ-92 Петропавлда литріне 180 теңгеден, ал Көкшетауда литріне 165 теңгеден сатылуда. Алматыда жанар-жағармай литрі 173 теңгеден, ал Шымкентте 169 теңгеден сатылды.
АИ-95 бір жыл ішінде 15,3% қымбаттап, литрі 197,73 теңгеге жетті. Ай сайынғы өсім 0,6% болды. Қымбат отын Қостанайда сатылады. Онда литрі 208 теңге. Қызылордада 184 теңге болса, еліміздің бас қаласында литрі 201 теңгеге бағаланған. АИ-95 Алматыда 200 теңге болса, Шымкентте 196 теңге белгіленген.
АИ-98 биылғы жылдың шілдесінде литрі 216,42 теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14%-ке қымбат. Павлодарда жанар-жағармай орташа есеппен литріне 228 теңгеден, Көкшетауда 194 теңгеден, ал Нұр-Сұлтанда 214 теңгеге сатылып жатыр.
Жазғы дизель отыны айына 2% өсім көрсетеді, литрі 196,32 теңгеге дейін. Бір жыл ішінде баға 6,4%-ке өсті. Қымбат жанар-жағармай Қостанайда литрі 212 теңге, ал Семейде баға салыстырмалы түрде арзан. Литрі 191 теңгені құрады.