Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда қай саланың мамандары көп жалақы алады – ресми статистика жарияланды
Жаңалықтар

Қазақстанда қай саланың мамандары көп жалақы алады – ресми статистика жарияланды

01.05.2021
1 мин
5
1354

Статистика бюросы үш айдың қорытындысын жасап, орташа жалақының көлемін есептеп шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, биыл бірінші тоқсанда бір жұмысшының номиналды жалақысы 230 829 теңгені құрады. Ал ең көп айлық алатындар тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласында жұмыс істейді. Олардың жалақысы – 509,8 мың теңге. Бұл көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,2 есеге жоғары. Қаржы мен сақтандыру қызметі саласында номиналды жалақы 420,8 теңгені құрайды. Одан кейін ғылыми-техникалық қызмет (345,7 мың теңге), ақпарат пен байланыс (328,1 мың теңге) саласы тұр.

"Барлық аймақтың ішінде Атырау облысында ең жоғары номиналды жалақы тіркелді. Оның көлемі – 405,8 мың теңге. Солтүстік Қазақстанда осы көрсеткіш 166,7 мың теңгені құрайды. Бұл орташа деңгейден 27,8%-ке төмен", – делінген ресми хабарламада.

Ал ауыл шаруашылығы, орман мен балық шаруашылығы, сумен қамтамасыз ету сияқты салаларда орташа бір айлық номиналды жалақының ең төмен деңгейі тіркелді. Жұмысшылар небәрі 116,1 мың теңге алады. Ал қалдықтарды өңдеу мен жою, сондай-ақ ластануды жою мамандарына айына орташа есеппен 141,8 мың теңге төлейді.

Айта кетейік, бір жұмысшының орташа бір айлық номиналды жалақысы барлық қосымша ақы мен үстемақы, сыйақылар, сондай-ақ салық пен басқа да алымдардың негізінде шығарылды.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
5 Пікір
А
Айнур 01.05.2021
Расымен неге КТЖ жалакы осирмейди 80-90мын алатынымыз кону товар деген берилмейди
Жауап беру
М
Мира 01.05.2021
Темиржолшылардың айлығын неге көтермиди жылына бир 5-6мың косады али 100мынга жетпиди устап калатыны тағы бар пенсионныйга коп уствюайды колымызга 80мын аламыз
Жауап беру
01.05.2021
Жекеменшік қо, компанияға айтпайсыз ба)
Жауап беру
Е
Ержан 01.05.2021
Коп Халык мандайынан ащы тери агып жумыс жасап жаткандардын али кунге деин 70 000нан аса алмай жаткандарын кормейма осы Sputnik Қазақстан.
Жауап беру
А
Айгуль 01.05.2021
Жалақысы аз мекемелерде котеру керек жалақыларын
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл