Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда тағы да автогаз қымбаттады
Жаңалықтар

Қазақстанда тағы да автогаз қымбаттады

29.11.2021
1 мин
0
850

Қазақстанның кейбір өңірінде автогаз бағасы тағы да қымбаттады, деп хабарлайды Dauletten.kz “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Мәселен, Маңғыстау облысында осыдан екі апта бұрын 80 теңге болған сұйық отын қазір 85-90 теңгеден сатылып жатыр. Бағаның бұлай күн сайын құбылуына жүргізушілер наразы. Олар автогаздың қымбаттауынан такси бағасы өсіп, азық-түлік құны шарықтайды деп ашынып отыр. Ал жауаптылар болса газ бағасын ұстап тұруға қауқарсыз екендерін айтады.

“Маңғыстауда тұрып осындай бағамен газ сатып алған халыққа қиын болады. Маңғыстауда шығып жатқан газ арзан болу керек. Халыққа қиын”, – дейді Маңғыстау облысының тұрғыны Ералы Мәмбетов.

Жүргізушілер газды пайдалана алмай отырғандарына наразы.

“Қалтамыздағы тиынымыз ауыспайды. Жерімізден шыққан газды халық дұрыс пайдалана алмайды. Тегінді былай қойып, 50-60 теңгеге ала алмай отырмыз. Бұлай қыса берсе, халық көтерілетін шығар”, – дейді Маңғыстау облысының тұрғыны Түгелбай Бөрібаев.

Жүргізушілердің айтуынша, кейбір бекетте газ таусылған. Ал барлары тек талонмен таратып жатыр дейді.

Алайда жауаптылар өңірде газ тапшылығы жоқ екенін алға тартты. Шенеуніктер бағаның қымбаттауы көгілдір отынның электрондық сауда арқылы сатылуына байланысты дейді. Қазір сұйытылған газдың 70 пайызы осы әдіспен саудаланып жатыр екен. Қаңтарда автогаз 100 пайыз электронды сауда алаңына шығарылады. Сол кезде бағаны нарық реттейді.

“1 қаңтардан бастап түгелдей өнім 100 пайыз электрондық сауда алаңы арқылы сатылатын болады. Соған байланысты алдағы уақытта баға саясаты ұсыныс пен сұраныстың арақатынасынан туындап, соған байланысты баға қалыптасады. Нақты айтатын болсақ алдағы уақытта мына бағаны нарықтың өзі реттейтін болады. Басқа облыспен салыстырғанда біздің өңірде баға төмен”, – дейді Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бердібек Қартбаев.

Жалпы Маңғыстау облысы айына 18 мың тонна сұйытылған газ тұтынады. Оның 14,5 мың тоннасы Жаңаөзендегі "Қазақ газ өңдеу" зауытынан алынса, қалған 3,5 мың тоннасы Атыраудан жеткізіледі. Қазір автогаз Атыраудың өзінде 110 теңгеден сатылып жатыр. Оны Маңғыстауға әкеліп арзанға сату мүмкін емес дейді алыпсатарлар.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл